Об охране нерестующих промысловых рыб Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Уылдырық шашатын балықтардың өндірістік түрлерін қорғау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына, «Балық шаруашылығы су айдындарын бекіту, пайдалану және қорғау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 сәуірдегі № 414, «Қазақстан Республикасында балық және басқа су жануарларын аулау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 желтоқсандағы № 1480 қаулыларына сәйкес уылдырық шашатын мезгілде балықтардың өндірістік түрлерін ұдайы өндіруді, қорғауды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2004 жылдың 20 сәуірінен 1 қыркүйекке дейін Торғай мемлекеттік қорығы су қоймаларынан балықтың барлық түрлерін кәсіпшілік және спорттық аулауға тыйым салынсын.
Тармақ 2
2. Облыстың басқа балық шаруашылығы су қоймаларында 2004 жылғы 20 сәуірден бастап 30 маусымға дейін балықтың барлық түрлерін өндірістік және спорттық-әуесқойлық әдіспен аулауға тыйым салынсын.
Тармақ 3
3. Шаяндарды барлық жерде 2004 жылғы 20 наурыздан бастап 2004 жылғы 30 маусымға дейін аулауға тыйым салынсын.
Тармақ 4
4. Уылдырық шашатын балықтарды қорғау жөнінде қоса беріліп отырған іс-шаралар бекітілсін.
Тармақ 5
5. «Ақтөбе облысы бойынша ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі (М. О. Нүкенов) уылдырық шашу кезінде балық қорын қорғауға тиісті көмек берсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары Ә. Қартовқа жүктелсін.
Басқа 7
Облыс әкімиятының 2004 жылғы 26 наурыздағы № 76 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Уылдырық шашатын балықтарды қорғау жөніндегі ІС-ШАРАЛАР № Іс-ша­ра­лар­дың ата­у­ла­ры Орын­дау мер­зі­мі Орын­да­у­ға жа­у­ап­ты­лар 1 2 3 4 1 Су ұста­ғыш ғи­ма­рат­тар­ды та­би­ғат пай­да­ла­ну­шы­лар­дың су қой­ма­ла­рын ша­ру­а­шы­лық-тұр­мыстық қал­дық­тар­мен ла­ста­нуы­на жол бер­ме­у­ге ба­қы­лау ор­на­ту­ды жү­зе­ге асы­ру Үне­мі Мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер: Ба­тыс ай­мақ­тық ба­лық ин­спек­ци­я­ла­ры­ның бас­қар­ма­сы, Ақ­тө­бе об­лы­стық аумақ­тық қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау бас­қар­ма­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша), Ақ­тө­бе об­лы­стық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы де­пар­та­мен­ті. «Ақ­төбе­су­шар» РМК (ке­лі­сім бой­ын­ша) 2 Об­лы­стың ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы су қой­ма­ла­рын­да уыл­ды­рық ша­ша­тын ке­зең­де ба­лық кү­зе­ті бе­ке­тін қою 2004 жыл­дың 20.04.-нен 1.07-не дей­ін Мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер: Ба­тыс ай­мақ­тық ба­лық ин­спек­ци­я­ла­ры­ның бас­қар­ма­сы, Ақ­тө­бе об­лы­сы бой­ын­ша іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша), Ақ­тө­бе об­лы­стық аумақ­тық қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау бас­қар­ма­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша), Ақ­тө­бе об­лы­стық ор­ман және аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы аумақ­тық бас­қар­ма­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша), Ақ­тө­бе об­лы­стық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы де­пар­та­мен­ті. «Ақ­төбе­су­шар» РМК (ке­лі­сім бой­ын­ша) 3 Ба­лық қор­ғау заң­да­рын бұз­ған­дар­ды анық­тау үшін об­лы­стың су қой­ма­ла­рын­да бір­лес­кен рейдтер өт­кі­зу Үне­мі Мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер: Ба­тыс ай­мақ­тық ба­лық ин­спек­ци­я­ла­ры­ның бас­қар­ма­сы, Ақ­тө­бе об­лы­сы бой­ын­ша іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша), Ақ­тө­бе об­лы­стық аумақ­тық қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау бас­қар­ма­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша), Ақ­тө­бе об­лы­стық ор­ман және аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы аумақ­тық бас­қар­ма­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша), Ақ­тө­бе об­лы­стық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы де­пар­та­мен­ті. «Ақ­төбе­су­шар» РМК (ке­лі­сім бой­ын­ша) 4 Тұр­ғын­дар ара­сын­да уыл­ды­рық ша­ша­тын ба­лық­тар­ды қор­ғау жө­нін­де тү­сі­нік жұ­мыста­рын ұй­ым­да­сты­ру 2004 жыл­дың 20.04-нен 1.07-не дей­ін Мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер: Ба­тыс ай­мақ­тық ба­лық ин­спек­ци­я­ла­ры­ның бас­қар­ма­сы, Ақ­тө­бе об­лы­сы бой­ын­ша іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша), Ақ­тө­бе об­лы­стық аумақ­тық қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау бас­қар­ма­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша), Ақ­тө­бе об­лы­стық ор­ман және аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы аумақ­тық бас­қар­ма­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша), Ақ­тө­бе об­лы­стық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы де­пар­та­мен­ті.