Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба на территории Каратобинского района Күшін жойған
Басқа 0
Қаратөбе ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» № 240 бұйрығына және Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жоспардан тыс комиссия отырысының 2024 жылғы 27 наурыздағы №5 хаттамасына сәйкес, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қаратөбе ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысы болып Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары М.М.Шайжанов тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.