Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Жуалынскому району Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жуалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабына және «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелген) сәйкес, Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жуалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Жуалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары
Жуалы аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 18 наурыздағы №18-7 шешіміне қосымша Жуалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағындағы меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, көрсетілетін қызметті алушыларға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға): ағымдағы және жинақтау жарналарын; кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды; коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға; мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі. Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Жуалы ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесімен (бұдан әрі –қызмет беруші) жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
Тармақ 3
3. Қызмет алушының жиынтық табысын қызмет беруші "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағида) айқындалған тәртіппен есептейді.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысына 5 (бес) пайыз мөлшерінде айқындалады. Тұрғын үй көмегінің мөлшері көрсетілетін қызметті берушімен Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептеледі.
Тармақ 5
5. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтер өтемақысы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй көмегін тағайындау толық ағымдағы тоқсанға жүргізіледі, бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісі мен коммуналдық қызметтерінің өткен тоқсандағы шығындары есепке алынады.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның шінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегін тағайындау қызмет алушыға тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді қызмет беруші екінші деңгейдегі банктер арқылы есептелген сомаларды қызмет алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.