Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба в Аягозском районе области Абай Күшін жойған
Басқа 0
Аягөз ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48 бабына, 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, 3-тармағына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына, Аягөз ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2024 жылғы 27 мамырдағы № 3 кезектен тыс жедел отырысының хаттамасына сәйкес, Аягөз ауданының әкімі ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Абай облысы Аягөз ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды өткізу үшін төтенше жағдайды жою бойынша басшысы етіп аудан әкімінің орынбасары М.Татеновты тағайындаймын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.