Об утверждении размера и Правил оказания жилищной помощи в Курчумском районе Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Күршім ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңынын 97-бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБАЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Күршім ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Ережесі бекітілсін
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес, Күршім аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы __________ А.Мусинова _________2024ж.
Басқа 4. Күршім ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен ережесі
Күршім аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 20/3-VIII шешіміне 1-қосымша Күршім ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен ережесі
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі тиісті қаржы жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен Күршім ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға): ағымдағы және жинақтау жарналарын ; коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға; мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі. Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» (келесіде - Қағида) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегі ағымдағы және жинақтаушы жарналарға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде 5 (бес) пайыз мөлшерінде айқындалады. Тұрғын үй көмегінің мөлшері уәкілетті органмен нормалар шегінде Қағидаға сәйкес есептелінеді.
Тармақ 5
5. Телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің өсуін өтеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Қағидаға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияға (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «цифрлық үкімет» веб-порталына жүгінеді. Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жеткізушілер ұсынған ай сайынғы ағымдағы және жинақтаушы жарналар шоттары және коммуналдық қызметтерді төлеу шоттары бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тармақ 8
8. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздері, сондай-ақ тұрғын үй көмегін тағайындау мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Қағидамен айқындалады.
Тармақ 9
9. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.
Басқа 14. Күршім аудандық мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі
Күршім аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 20/3-VIII шешіміне 2-қосымша Күршім аудандық мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Күршім аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 наурыздағы № 3/4-VII «Күршім ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8677 болып тіркелген) шешімі.
Тармақ 2
2. Күршім аудандық мәслихатының 2022 жылғы 07 қазандағы № 26/14-VII «Күршім аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 наурыздағы № 3/4-VII «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30208 болып тіркелген) шешімі.
Тармақ 3
3. Күршім аудандық мәслихатының 2023 жылғы 19 сәуірдегі № 2/13-VIII «Күршім аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 наурыздағы № 3/4-VII «Күршім ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8834-16 болып тіркелген) шешімі.