Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба на территории Сырымского района Западно Казахстанской области Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» бұйрығы және Сырым ауданы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2024 жылғы 27 наурыздағы №2-001/43 хаттамасына сәйкес, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысы болып Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімінің орынбасары К.Н.Тулепов тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.