Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба по Темирскому району Актюбинской области Күшін жойған
Басқа 0
Ақтөбе облысы Темір ауданы бойынша жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабындағы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабындағы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес, Темір ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының кезектен тыс шұғыл отырысының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 1 хаттамасының негізінде ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе облысы Темір ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды өткізуге төтенше жағдайлардың алдын алуға басшы етіп өзімді тағайындаймын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылдың 28 наурызынан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.