Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба по Кобдинскому району Актюбинской области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысы Қобда ауданы бойынша жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабындағы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабындағы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушысының 2023 жылғы 10 мамырдағы «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» № 240 бұйрығына, Қобда ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының кезектен тыс шұғыл отырысының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 1 хаттамасының негізінде ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе облысы Қобда ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды өткізуге төтенше жағдайлардың алдын алуға басшы етіп өзімді тағайындаймын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылдың 28 наурызынан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.