Об утверждении расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ұлытау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлытау облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты стационарлық үй-жайлардың орналастырылуы
Ұлытау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 17/01 қаулысына қосымша Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты стационарлық үй-жайлардың орналастырылуы № Үй-жайдың атауы Орналасқан жері 1 «Пепелко И.А.» жеке кәсіпкерінің ғимараты Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер бақжолы, № 32а үй, 2 қабат 2 «Ғалым» дүкені Жезқазған қаласы, Сейфуллин көшесі, № 61 үй