О требованиях к эмитентам и их ценным бумагам, допускаемым (допущенным) к обращению на фондовой бирже, а также к отдельным категориям списка фондовой биржи Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 89-бабының 1-тармағына және 4-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Осы қаулының мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылатын болып белгіленсін:
Тармақша 1
1) рұқсат беру бастамашысы - соның бастамасымен бағалы қағаздарды қор биржасына айналысқа жіберуге рұқсат беретін ұйым;
Тармақша 2
2) маркет-мейкер - қор биржасы маркет-мейкер ретінде таныған және қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес бағалы қағаздар бойынша баға белгілеуді тұрақты хабарлауға және қолдап отыруға өзіне міндеттеме қабылдаған қор биржасының мүшесі;
Тармақша 3
3) қор биржасының ресми тізімі (ресми тізім) - мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар мен осы бағалы қағаздардың эмитенттері енгізілгенде және болғанда листинг талаптарына сәйкес келетін қор биржасы тізімінің бір бөлігі;
Тармақша 4
4) листинг компаниясы - бағалы қағаздары ресми тізімге енгізілген компания;
Тармақша 5
5) листинг талаптары - мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерінің осы бағалы қағаздардың қор биржасының ресми тізіміне енгізілуін және онда болуын қадағалау үшін қойылатын қажетті талаптар;
Тармақша 6
6) сауда алаңы - қор биржасының қор биржасында айналысқа жіберілген қаржы құралдарының жекелеген түрлерінің көмегімен мәміле жасалатын бағдарламалық-техникалық кешенінің бөлігі.
Тармақ 2
2. Қор биржасының тізімі жеке санаттарға және қосалқы санаттарға бөлінуі мүмкін. Егер қор биржасының тізімінде ресми тізім бөлінген болса, онда оған бағалы қағаздарды қосу және онда оларды қор биржасының ішкі құжаттарымен қолдау үшін санаттар және санатшалар бойынша ажыратылуы мүмкін листинг талаптары белгіленеді (егер ресми тізім жеке санаттарға және санатшаларға бөлінсе). Сонымен бірге листинг талаптары эмитенттер қызметінің ерекшелігіне байланысты саралануы мүмкін. Ресми тізімге Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар ғана, сонымен бірге Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздар (қаржы құралдары) енеді.
Тармақ 3
3. Қор биржасының ресми тізіміне листингтің аса жоғары санаты және онда болуы бойынша (инфрақұрылымдық облигациялар және жылжымайтын қорлар акциялардан басқа) енгізілген Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары мынадай листинг талаптарына сәйкес келеді:
Тармақша 1
1) эмитент акционерлік қоғамның және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдастыру-құқықтық нысаны бойынша жұмыс істейді;
Тармақша 2
2) эмитенттің мемлекеттік тіркелуі оның бағалы қағаздардың ресми тізіміне қосылу туралы өтініш бергенге дейін (қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес ұйымның (ұйымдардың) жүзеге асыру мерзімі үшін сынақ жасауы мүмкін), қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылғанда, сондай-ақ қатысушысы (акционер) мемлекет болып табылған жағдайдағы эмитенттер үшін аз мерзім белгіленгенде, 3 жылдан кем емес уақытта жүзеге асырылады;
Тармақша 3
3) эмитент қаржылық есеп беруді халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес жасауы тиіс (қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген күннен бастап, бірақ бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген күннен кешіктірмей);
Тармақша 4
4) эмитенттің меншік капиталы оның жарғылық капиталынан кем болмауы керек және оның соңғы аудит жасалған аяқталған соңғы қаржы жылы үшін немесе аяқталған соңғы тоқсан үшін қаржылық есеп беруіне сәйкес мынадан кем болмауы керек: акционерлік қоғам немесе республикалық мемлекеттік кәсіпорын ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған эмитент үшін тиісті жылдың мемлекеттік бюджеті туралы Қазақстан Республикасының заңдары белгілеген 1.200.000 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде;
Тармақша 5
5) эмитенттің аудит жасалған қаржылық есеп беруіне сәйкес аяқталған соңғы үш қаржы жылы үшін аяқталған соңғы жылының немесе кез-келген екі жылының таза кірісінің болуы;
Тармақша 6
6) эмитенттің жылдық қаржылық есебіне аудитті "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тиісті талаптарға және аудиторлық қызмет саласында реттеулі және кәсіби ұйымдардың қызметіне бақылау жасауды жүзеге асыруды, уәкілетті орган белгілеген қаржы ұйымдарының міндетті аудит жүргізуші аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сай келетін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;
Тармақша 7
7) бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізген күні және сонда болған кезде эмитентте жиынтықтық мөлшері эмитенттің активтері мөлшерінің 10 процентінен асатын басқа міндеттемелер және/немесе шығарылған бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерді орындамау немесе уақтылы орындамау жағдайы болмайды;
Тармақша 8
8) эмитенттің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздарды шығару проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оны беру (иеліктен шығару) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды;
Тармақша 8-1
8-1) 2005 жылғы 21 ақпандағы (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қоспағанда) Эмитенттер кеңесінің мәжілісінде мақұлданған Корпоративтік басқару кодексін сақтау ережелері бар корпоративтік басқару кодексінің заңнамамен белгіленген тәртіппен акционерлердің жалпы жиналысында бекітілген эмитенттің болуы;
Тармақша 9
9) бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу туралы мәселені қарағанға дейін сауда-саттықты ұйымдастырушы мүшелерінің бірі осы бағалы қағаздар бойынша оған маркет-мейкер статусын беру туралы өтініш береді, ал осы бағалы қағаздар ресми тізімде болған уақыттарда оның маркет-мейкері болады;
Тармақша 10
10) аяқталған соңғы қаржы жылы үшiн немесе аяқталған соңғы тоқсан үшiн эмитенттің аудит жасалған қаржылық есебіне сәйкес оның активтерінің көлемі 5.000.000 АЕК мөлшерінен төмен болмайды (қаржы ұйымдарының бағалы қағаздар листингі кезінде);
Тармақша 11
11) эмитенттің аудит жасалған қаржылық есебіне сәйкес соңғы қаржы жылындағы негізгі қызмет бойынша оны сату көлемі 1.200.000. АЕК мөлшерінен кем болмайды (осы тармақтың 10) тармақшасында көрсетілмеген ұйымның бағалы қағаздарының листингі кезінде).
Тармақ 3-1
3-1. Қор биржасының ресми тізіміне листингтің барынша жоғары санаты және онда инфрақұрылымдық облигациялардың болуы бойынша енгізген кезде олардың эмитенті осы қаулының 3-тармағының 6), 8), 8-1) және 9) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Тармақ 3-2
3-2. Листингті және ондағы жылжымайтын қорлар акцияларын ең жоғары санат бойынша қор биржасының ресми тізіміне қосар кезде олардың эмитенті осы қаулының 3-тармағының 1), 3), 6), 7), 8), 8-1), 9) тармақшаларымен белгілеген талаптарға сәйкес келуі тиіс, сондай-ақ:
Тармақша 1
1) эмитентті мемлекеттік тіркеу оның акцияларын ресми тізімге кіргізу туралы өтініш бергенге дейін кемінде бір жыл бұрын жүзеге асырылған болса;
Тармақша 2
2) аудиторлық есеппен расталған қаржылық есепке сәйкес эмитенттің таза активтерінің құны акцияларды ресми тізімге қосу күніне және онда болуы АЕК кемінде 1.200.000 мөлшерін құраса.
Тармақ 3-3
3-3. Қор биржасының ресми тізіміне енгізу кезінде және облигациялық бағдарламалар шегінде шығарылатын облигациялардың болуы, ол бағалы қағаздар осы қаулының 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуі керек
Тармақ 4
4. Аса жоғары листинг санатында және онда болғаны үшін (жылжымайтын қорлар акцияларын қоспағанда) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары мынадай листинг талаптарына сәйкес келеді:
Тармақша 1
1) эмитенттің мемлекеттік тіркелуі оның бағалы қағаздардың ресми тізіміне қосылу туралы өтініш бергенге дейін бір жылдан кем емес уақытта жүзеге асырылады (қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта құрылу нәтижесінде эмитент құрған ұйымның (ұйымдардың) қызмет ету мерзімі үшін сынақ жасалуы мүмкін);
Тармақша 2
2) эмитенттің меншік капиталы оның жарғылық капиталынан кем болмауы тиіс және оның соңғы аудит жасалған аяқталған соңғы қаржы жылы үшiн немесе аяқталған соңғы тоқсан үшiн қаржылық есебіне сәйкес 200.000 АЕК мөлшерінен кем болмайды;
Тармақша 3
3) эмитенттің жылдық қаржылық есеп беруіне аудит жасалған болуы;
Тармақша 4
4) эмитенттің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздарды шығару проспектісінде бағалы қағаздар меншік иелерінің оны беру (шеттету) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды;
Тармақша 4-1
4-1) 2005 жылғы 21 ақпандағы Эмитенттер кеңесінің мәжілісінде мақұлданған Корпоративтік басқару кодексін сақтау ережелері бар корпоративтік басқару кодексінің заңнамамен белгіленген тәртіппен акционерлердің жалпы жиналысында бекітілген эмитенттің болуы;
Тармақша 5
5) аяқталған соңғы қаржы жылы үшiн немесе аяқталған соңғы тоқсан үшiн эмитенттің аудит жасалған қаржылық есеп беруіне сәйкес оның активтерінің көлемі 1.000.000 АЕК мөлшерінен төмен болмайды (қаржы ұйымдарының бағалы қағаздар листингі кезінде);
Тармақша 6
6) эмитенттің аудит жасалған қаржылық есебіне сәйкес соңғы қаржы жылындағы негізгі қызмет бойынша оны сату көлемі 200.000. АЕК мөлшерінен кем болмайды (осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілгеннен басқа ұйымдардың бағалы қағаздарының листингі кезінде).
Тармақша 7
7) бағалы қағаздар ресми тiзiмге енгiзiлген кезде аяқталған соңғы қаржы жылы үшiн таза кiрiстiң болуы; бағалы қағаздар ресми тiзiмде болған кезде эмитенттiң аудит жасалған қаржылық есебiне сәйкес соңғы үш қаржы жылының кез-келген бiр жылының таза кiрiсiнiң болуы.
Тармақ 4-1
4-1. Ең жоғары листингтен кейін келетін онда жылжымайтын акциялардың болуы қор биржасының ресми тізіміне қосар кезде олардың эмитенті осы қаулының 4-тармағының 3), 4), 4-1) тармақшаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс, сондай-ақ аудиторлық есеппен расталған қаржылық есепке сәйкес оның таза активтерінің құны акцияларды ресми тізімге қосу күніне және онда болуы АЕК кемінде 200.000 мөлшеріне сәйкес келуі тиіс.
Тармақ 5
5. Қор биржасының ішкі құжаттарымен Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарын листингтің аса жоғары санаты бойынша және листингтің жоғары санатынан кейінгі және оларды қолдауға қор биржасының ресми тізіміне енгізу үшін қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.
Тармақ 6
6. Қор биржасына айналысқа Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттер шығарған, "ВВВ-" (Standard & Poor`s және Fitch рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша)-дан немесе "Ваа3" (Moody`s рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша)-дан төмен емес шетел валютасындағы тәуелсіз ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы бар басқа мемлекеттік бағалы қағаздар жіберіледі. Рейтингтік бағаларды қарау кезінде Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздарының сәйкестілігін анықтау мақсатында қор биржасы:
Тармақша 1
1) соңғы он сегіз ай ішінде ғана берілген (расталған, жетілдірілген) рейтингтік бағаларды ғана назарда ұстайды;
Тармақша 2
2) рейтингтік бағаны бірнеше рейтинг агенттіктері берген жағдайда осы бағалардың ішінен соңғысын назарға алады. Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздарына қойылатын талаптарды (осы қаулының 6-тармағының бірінші абзацында көрсетілген бағалы қағаздардан басқа) қор биржасы уәкілетті органмен келісе отырып белгілейді, сонымен бірге осы бағалы қағаздармен мәмілелер қор биржасының жеке сауда алаңында жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Қор биржасындағы айналысқа тізбесі қор биржасы мен уәкілетті органның келісуі арқылы белгіленген халықаралық қаржы ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары жіберіледі.
Тармақ 8
8. Қор биржасындағы айналысқа:
Тармақша 1
1) есебін орталық депозитарий жүзеге асыратын немесе осы бағалы қағаздар қор биржасына айналысқа жіберілген соң оны орталық депозитарий жүзеге асыратын болады;
Тармақша 2
2) ол бойынша маркет-мейкер бар немесе осы бағалы қағаздар қор биржасында айналысқа жіберілген соң маркет-мейкер болатын Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары және халықаралық қаржы ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары жіберіледі және айналысқа шыға алатын болады.
Тармақ 9
9. Қор биржасының ресми тізіміне листингтің аса жоғары санаты және листингтің аса жоғары санатынан кейінгі санаты бойынша және сонда болуына байланысты енгізілген Қазақстан Республикасы резидент ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары (осы қаулының 13 және 13-1-тармақтарында көрсетілген ұйымдардан басқа) мынадай листинг талаптарына сәйкес келеді:
Тармақша 1
1) акциялар еркін айналыста болады (кез-келген мүдделі тұлғаға еш шектеусіз сатылады);
Тармақша 2
2) мемлекеттік тіркеу эмитент резидент болып есептелетін мемлекеттің заңдарына сәйкес оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш бергенге дейінгі 3 жылдан кем емес уақыт ішінде жүзеге асырылған (қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта құрылу нәтижесінде эмитент құрылған ұйымның (ұйымдардың) қызмет ету мерзімі үшін сынақ жасалуы мүмкін);
Тармақша 3
3) эмитенттің қаржылық есеп беруі қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес (IAS) немесе АҚШ-та қолданылатын қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес (GAAP) жасалады;
Тармақша 4
4) эмитенттің меншік капиталы соңғы аудит жасалған қаржылық есеп беруге сәйкес мынадай болады: қор биржасының ресми тізіміне аса жоғары санат және сонда болуы бойынша енгізу кезінде - 100 миллион АҚШ доллары немесе осы соманың баламасы; қор биржасының ресми тізіміне аса жоғарыдан кейінгі санат және сонда болуы бойынша енгізу кезінде - 10 миллион АҚШ доллары немесе осы соманың баламасы;
Тармақша 5
5) эмитенттің аудит жасалған қаржылық есеп беруге сәйкес таза кірісінің болуы: аса жоғары санат және сонда болуы бойынша қор биржасының ресми тізіміне енгізу кезінде - оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш беруіне себеп болған аяқталған соңғы үш қаржы жылының әр қайсысы үшін және оның бағалы қағаздарының ресми тізімде болған кезіндегі әр аяқталған қаржы жылы үшін (эмитентте оның бағалы қағаздарының ресми тізімде бір қаржы жылынан аспайтын кезеңде болған уақытында таза кірістің болмау мүмкіндігімен); аса жоғары санаттан кейінгі және сонда болуы бойынша қор биржасының ресми тізіміне енгізу кезінде - оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш беруіне себеп болған аяқталған соңғы қаржы жылы үшін және оның бағалы қағаздарының ресми тізімде болған кезіндегі әр аяқталған қаржы жылы үшін (эмитентте оның бағалы қағаздарының ресми тізімде бір қаржы жылынан аспайтын кезеңде болған уақытында таза кірістің болмау мүмкіндігімен);
Тармақша 6
6) эмитенттің жылдық қаржылық есеп беруі аудиторлық фирмалар тарапынан олардың бірінің үлесіне тиюі тиіс (аудиторлық фирманың өзінің немесе оның аффилиирленген ұйымының): Deloitte & Touche, Ernst & Young, KPMG, Price Waterhouіe Coopers;
Тармақша 7
7) эмитентте шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағалаудың болуы (акциялар листингі кезінде); қор биржасының ресми тізіміне аса жоғары санатта және онда болуы бойынша енгізу кезінде - "ВВВ-"дан (Standard & Poor`s немесе Fitch рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ваа3"-ден (Moody`s рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес; қор биржасының ресми тізіміне аса жоғары санатта және онда болуы бойынша енгізу кезінде - "В"-дан (Standard & Poor`s немесе Fitch рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "В2"-ден (Moody`s рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес;
Тармақша 8
8) облигацияларда рейтингтік бағалаудың болуы (облигациялар листингі кезінде): қор биржасының ресми тізіміне аса жоғары санатта және онда болуы бойынша енгізу кезінде - "ВВВ-"дан (Standard & Poor`s немесе Fitch рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ваа3"-ден (Moody`s рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес; қор биржасының ресми тізіміне аса жоғары санатта және онда болуы бойынша енгізу кезінде - "В"-дан (Standard & Poor`s немесе Fitch рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "В2"-ден (Moody`s рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес;
Тармақша 9
9) эмитенттің бағалы қағаздардың ресми тізіміне енгізілу күнінде және онда болған кезінде жиынтықтылық мөлшері эмитенттің активтері мөлшерінің 10 процентінен асатын эмитент шығарған бағалы қағаздарды және/немесе басқа міндеттемелерді орындамау немесе уақтылы орындамау жағдайы болмайды;
Тармақша 10
10) эмитент резидент болып табылатын мемлекеттің заңдарымен, эмитенттің құрылтай құжаттарымен (құжаттардың мақсаты бойынша ұқсастарын) және/немесе бағалы қағаздарды шығару проспектісімен (бағалы қағаздарды шығарудың талаптарын белгілейтін құжатпен) бағалы қағаздардың меншік иелерінің оны беру (иеліктен шығару) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін ережелер белгіленбейді;
Тармақша 11
11) бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу туралы мәселені, осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер статусын беру туралы өтінішті қарағанға дейін сауда-саттықты ұйымдастырушылар мүшелерінің бірінің болуы, ал осы бағалы қағаздар ресми тізімде болған кездерде онда маркет-мейкердің болуы.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасының ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногындағы айналысқа Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар және қор биржасының ресми тізіміне енгізілген халықаралық қаржы ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары жіберіледі.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздар (қаржы құралдары) листингі кезінде осы қаулының 9-тармағында көрсетілген талаптар базалық активтің эмитентіне қатысты қолданылады.
Тармақ 12
12. Листинг компаниясы туралы немесе туынды бағалы қағаздардың (қаржы құралдары) базалық активі эмитенті туралы ақпаратты ашу мақсатымен рұқсат беретін бастамашы:
Тармақша 1
1) қор биржасына листинг компаниясының немесе туынды бағалы қағаздардың (қаржы құралдары) базалық активінің эмитенті туралы тоқсан сайынғы және жыл сайынғы есептерді қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген мерзімде ұсынады. Есептерге қаржылық есеп беру (осы саясат өзгермеген есепті кезеңдердегі есеп саясаты туралы ақпараттан басқа) және қор биржасы белгілеген көлемдегі басқа да ақпараттар енеді;
Тармақша 2
2) қор биржасына листинг компаниясының қызметіне ықпал етуі мүмкін маңызды басқа да ақпаратты, сондай-ақ қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен және көлемде инвесторлардың мүддесіне қатысты маңызды басқа да оқиғалар туралы ақпараттарды хабарлайды.
Тармақ 13
13. Осы эмитенттің бір ғана құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент ұйымының кепілдігі бойынша Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарының листингі кезінде листинг талаптары эмитенттің өзіне емес, оның осындай кепіліне қолданылады.
Тармақ 13-1
13-1. Қазақстан Республикасы резидент емес ұйымдарының листингтің ең жоғары санаты бойынша қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және сол тізімдегі акциялары мынадай листингтік талаптарға сәйкес келеді:
Тармақша 1
1) листингтің ең жоғары санаты бойынша ресми тізімге мынадай биржалардың бірімен енгізілген: NASDAQ NYSE Deutsche Boerse Euronext London Stock Exchange Tokyo Stock Exchange BME Spanish Exchanges Borsa Italiana SWX Swiss Exchange Taiwan Stock Exchange Corp;
Тармақша 2
2) аталған биржаның біріндегі негізгі сауда алаңында айналыста болады.
Тармақ 14
14. Қор биржасының осы қаулыда жазылған талаптардан басқа, өзінің ішкі құжаттарында рұқсат беру бастамашысына және листинг компанияларына, сонымен бірге талап етіліп отырған ақпаратты ашу көлемі бойынша қосымша талаптарды белгілеу мүмкіндігі бар екендігі белгіленсін.
Тармақ 15
15. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енеді.
Тармақ 16
16. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Шалғымбаева Г.Н.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстанның қаржыгерлерінің Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, өзін-өзі реттейтін ұйымдарға, қор биржасына, орталық депозитарийге жіберсін.
Тармақ 17
17. Қор биржасы 2004 жылғы 1 сәуiрге дейiнгi мерзiмде өзiнiң iшкi құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес тәртiпке келтiрсiн. Осы қаулының талаптарына сәйкес келмейтiн эмитенттер өз көрсеткiштерiн 2006 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi мерзiмде осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
Тармақ 18
18. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми баспасөз басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 19
19. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.