О понижении размера ставки при применении специального налогового режима розничного налога по городу Жанаозен Күшін жойған
Басқа 0
Жаңаөзен қаласы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жаңаөзен қаласы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшері 4 пайыздан 3 пайызға дейін төмендетілсін.
Тармақ 2
2. «Жаңаөзен қаласы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 9/80 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4648-12 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.