Об установлении дифференцированного тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городских (сельских) сообщениях на территории Карабулакского сельского округа Ескельдинского района Күшін жойған
Басқа 0
Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округінің аумағында ауылдық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19-бабы 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылдық округінің аумағында ауылдық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тариф барлық маршруттар үшін 150 (жүз елу) теңге мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік оң күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.