Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Азаматтық қоргау туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырындағы «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» №240 қаулысына сәйкес, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Ақсу-Аюлы, Нұраталды, Красная поляна, Талды, Өспен, Көктіңкөлі, Киікті, Кеншоқы, Ортау, К.Мыңбаев ауылдық округтерінің және Ақадыр, Мойынты, Ақжал, Ақшатау, С.Сейфуллин, Дәрия кенттерінің аумағында, сонымен қатар, республикалық маңыздағы «Алматы – Екатеринбург» тас жолында су тасқынының орын алуына байланысты, 2024 жылдың 29 наурызынан жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып Шет ауданы әкімінің орынбасары Д.Қ.Карсембаев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды өткізуді тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.