Об определении размера и Правил оказания жилищной помощи в Жамбылском районе Северо-Казахстанской области Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Жамбыл аудан мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 16/4 шешіміне 1-қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары
Тарау 1
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға): ағымдағы және жинақтау жарналарын; коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға; мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі. Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.
Тарау 2
2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының белгілеген шекті жол берілетін көрсетілетін қызметті алушы жиынтық табысының 5 (бес) пайызы мөлшерінде деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларының 4-1-тармағына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес есептейді.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанда құжаттарды тапсыру уақытына қарамастан өткен тоқсанның жиынтық табысы бойынша және көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес тоқсанына бір рет тағайындалады.
Тармақ 5
5. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысын көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін Қағидаларда айқындалған тәртіппен есептейді.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің өсуіне өтемақы төлеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифролық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес белгіленеді.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті алушыларға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады. Шоттарға ақша аударуды көрсетілетін қызметті алушы өткен ай үшін ай сайын жүргізеді.
Басқа 2. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 16/4 2-қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 16 қарашадағы № 20/3 «Жамбыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30574 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 11 тамыздағы № 6/7 «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 16 қарашадағы № 20/3 «Жамбыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7568-15 болып тіркелген).