Об утверждении Правил назначения и деятельности временной администрации (временного администратора) банка, страховой (перестраховочной) организации, накопительного пенсионного фонда Күшін жойған
Басқа 0
Банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiгiн (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметiнiң ережесiн бекiту туралы
Банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiгiн (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметiнiң ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап мыналардың күшi жойылсын:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Банкте уақытша әкiмшiлiк (уақытша басқарушы) тағайындау тәртiбi және өкiлеттiгi туралы" ереже жөнiнде" 1997 жылғы 11 қыркүйектегi N 325 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 373 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 37 басылымдарында 1997 жылғы 15-19 қыркүйекте жарияланған);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Банкте уақытша әкiмшiлiк тағайындау тәртiбi және өкiлеттiгi туралы" ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 330 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 705 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 7 басылымдарында 1999 жылғы 29 наурызда - 11 сәуiрде жарияланған).
Тармақ 3
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.
Тармақ 4
4. Қаржы ұйымдарын тарату департаментi (Бадырленова Ж.Р.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң мүдделi бөлiмшелерiне, екiншi деңгейдегi банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және жинақтаушы зейнетақы қорларына жiберсiн.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң қызметiн қамтамасыз ету департаментi (Несипбаев P.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 6. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің Ережесі
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсiн.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөніндегі
агенттігі Басқармасының
"Банктің, сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының
және жинақтаушы зейнетақы
қорының уақытша әкімшілігін
(уақытша басқарушысын)
тағайындау және қызметінің
Ережесін бекіту туралы"
2004 жылғы 15 наурыздағы
N 68 қаулысымен бекітілген
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің Ережесі
Осы Ереже қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) банктік, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, сондай-ақ зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияны (бұдан әрі - лицензия) қайтарып алуға байланысты тағайындалған банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі - ұйым) уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау тәртібін, уақытша әкімшіліктің жұмысын ұйымдастыру тәртібін және өкілеттігін айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) уақытша әкімшілік (уақытша басқарушы) - уәкілетті орган ұйымның лицензиясын қайтарып алу туралы шешім күшіне енген күннен бастап ұйым мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін және ұйымды басқаруды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган ұйымның тарату комиссиясын тағайындағанға дейінгі кезеңге тағайындайтын орган;
Тармақша 2
2) уақытша әкімшіліктің басшысы - уәкілетті орган оның қызметкерлері арасынан не Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес келетін оның қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалар арасынан тағайындайтын тұлға;
Тармақша 3
3) уақытша әкімшіліктің мүшесі - уәкілетті орган уақытша әкімшіліктің жұмысына қатысу үшін тағайындайтын тұлға.
Тарау 2. 2-тарау. Уақытша әкімшілікті тағайындау тәртібі
2-тарау. Уақытша әкімшілікті тағайындау тәртібі
Тармақ 2
2. Уақытша әкімшілік уәкілетті органның шешімімен тағайындалады.
Тармақ 3
3. Уәкілетті органның уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімінде:
Тармақша 1
1) ұйымның толық әрі қысқартылған атауы;
Тармақша 2
2) ұйымның лицензиясын қайтарып алу туралы уәкілетті орган шешімінің күні және нөмірі;
Тармақша 3
3) уақытша әкімшіліктің қызмет ету мерзімі;
Тармақша 4
4) уақытша әкімшілік басшысының және мүшелерінің, олардың лауазымдарын көрсете отырып, фамилиясы, аты, болса әкесінің аты көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Уақытша әкімшілік мүшелерінің санын уәкілетті орган айқындайды.
Уақытша әкімшілік мүшелері, уәкілетті орган қызметкерінің уақытша әкімшіліктің жұмысына қатысуы оның лауазымдық міндеттерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, олардың келісімімен тағайындалады.
Уақытша әкімшіліктің құрамына кіретін әрі уәкілетті органның қызметкерлері болып табылатын тұлғалар, мұндай қызметкердің уақытша әкімшіліктің жұмысына қатысуы оның лауазымдық міндеттерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, уақытша әкімшіліктегі қызметінің барлық кезеңіне негізгі жұмыс орны бойынша лауазымдық міндеттерді орындаудан босатылады.
Көрсетілген кезеңде оның жалақысы және негізгі жұмыс орны бойынша белгіленген өзге де төлемдер сақталады.
Тармақ 5
5. Уақытша әкімшіліктің құрамына:
Тармақша 1
1) ұйымның мүшелері, оның ішінде ұйымның, оның филиалдарының және еншілес ұйымдарының басшылары, басқару органы мен атқару органына кіретін тұлғалар, сондай-ақ бас бухгалтер, ревизиялық комиссия жетекшісі (ревизор) және ішкі аудит қызметінің басшысы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұйыммен аффилиирленген тұлға;
Тармақша 3
3) ұйымның кредиторы болып табылатын тұлға;
Тармақша 4
4) ұйым алдында берешегі бар тұлға;
Тармақша 5
5) соңғы жыл ішінде қаржы қызметі рыногында кәсіби қызметпен байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға кіре алмайды.
Тармақ 6
6. Салымдарды (депозиттерді) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің құрамына уәкілетті органға ұсынылған жазбаша өтініш бойынша жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беретін (сақтандыратын) және сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беретін ұйымдардың өкілдері кіргізілуі мүмкін.
Тарау 3. 3-тарау. Уақытша әкімшіліктің жұмысын ұйымдастыру тәртібі және өкілеттігі
3-тарау. Уақытша әкімшіліктің жұмысын ұйымдастыру тәртібі және өкілеттігі
Тармақ 7
7. Лицензия қайтарып алынған және уақытша әкімшілік тағайындалған сәттен бастап:
Тармақша 1
1) ұйым қаржы қызметін жүзеге асыруды тоқтатады, оның ішінде мыналармен байланысты жағдайларды қоспағанда, қолдағы шоттар бойынша барлық операцияларды:
уақытша әкімшіліктің қызметін қамтамасыз етуге байланысты ұйымды ұстауға және ұйымға келіп түсетін ақшаны есептеуге байланысты ағымдағы шығыстарға,
жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды қамтамасыз ету бойынша шығыстарға;
Тармақша 2
2) ұйым Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы төлемдеріне құқығы бар салымшылардың/алушылардың зейнетақы жинақтары есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) ұйым салымшылардың/алушылардың өтініштері негізінде зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады;
Тармақша 4
4) ұйымның органдары мен құрылтайшылары (қатысушылары) ұйымның мүлкіне иелік етпейді, оның істерін басқару функцияларын орындаудан босатылып, уақытша әкімшілікке бухгалтерлік және өзге де құжаттаманы, материалдық және өзге де құндылықтарды, ұйымның мөрлері мен мөртабандарын беруін қамтамасыз етеді.
Тармақ 8
8. Уақытша әкімшілік оны уәкілетті орган тағайындаған күні өз міндеттерін орындауға кіріседі. Уәкілетті органның ұйымның лицензиясын қайтарып алу және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімдерінің көшірмелерін уақытша әкімшілік ұйымның басшылығына қол қойып ұсынады.
Шешімдерді қол қойып ұсынылуы мүмкін болмаған жағдайда уақытша әкімшілік бұл жөнінде акті жасайды және уәкілетті органды хабардар етеді.
Уақытша әкімшіліктің басшысы уақытша әкімшіліктің мүшелері арасында міндеттерді бөледі.
Уақытша әкімшілік басшысының міндеттерін орындауды уәкілетті орган уақытша әкімшілік басшысына қойылатын талаптарға сәйкес келетін басқа тұлғаға жүктеуі мүмкін.
Тармақ 9
9. Уақытша әкімшілік ұйым басшылығына уәкілетті органның уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімін ұсынған күні мынадай іс-әрекеттер жасайды:
Тармақша 1
1) ұйым басшысынан ұйымды тіркеуге байланысты барлық мөрлерді, мөртабандарды, клише мен пломбылау заттарын, лицензиялардың түпнұсқаларын, фирмалық бланкілерді, ақпараттың электрондық тасымалдаушыларын, бағдарламалық қамтамасыз етуді, меншік иесі ұйым болып табылатын құжаттамалық нысанда шығарылған басқа заңды тұлғалардың бағалы қағаздарын дереу беруін талап етеді және оларды қабылдау-тапсыру актісі бойынша қабылдайды;
Тармақша 2
2) ұйымның, оның филиалдары мен өкілдіктерінің кассасындағы барлық ақшалай және өзге де құндылықтарын тексереді, қолма-қол ақшаны банктің корреспонденттік шоттарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және тиісінше екінші деңгейдегі банктерде ашылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен жинақтаушы зейнетақы қорының ағымдағы шоттарына одан әрі есептеу үшін оның инкассациялануын ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) ұйымның қолданыстағы шоттарын анықтайды және жинақтаушы зейнетақы қорының корреспонденттік, ағымдағы шоттарының (оның ішінде шетелдік банктердегі) және кастодиан банктегі шоттарының қалдықтарын салыстырып тексереді. Ұйымның бухгалтерлік есеп деректері бойынша шот қалдықтарын көрсетілген шоттар ашылған банктердегі деректермен салыстырып тексереді және салыстырып тексеру қорытындысы бойынша тиісті актіні жасайды;
Тармақша 4
4) ұйым атынан бұрын берілген сенімхаттардың күшін жояды;
Тармақша 5
5) уәкілетті органның ұйымның лицензиясын қайтарып алу және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімінің көшірмесін ұйымның клиенттері танысуы мүмкін орында орналастырады;
Тармақша 6
6) толық материалдық жауапкершілікті атқаратын тұлғалар тобын, оның ішінде бухгалтерлік есепті жүргізудің автоматтандырылған ақпарат жүйесіне және ұйымның қаржы әрі өзге де есебін жасауға рұқсаты бар тұлғалар тобын анықтайды;
Тармақша 7
7) Уақытша әкімшілікті тағайындау күніне электрондық түрдегі бухгалтерлік ақпаратты басып шығарады. Мұндай ақпарат электрондық түрде болмаған жағдайда көрсетілген күнге қағаз тасымалдаушысындағы ақпарат негізге алынады.
Тармақ 10
10. Уақытша әкімшілік мынадай іс-әрекеттер орындайды:
Тармақша 1
1) қабылдау-тапсыру актісі бойынша ұйымның мүлкі мен құжаттарын қабылдайды және олардың сақталуын, оның ішінде осы Ереженің 11-тармағына сәйкес қабылданған мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) ұйымды басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асырады және ұйымның барлық құжаттарына қол қояды;
Тармақша 3
3) ұйымның атынан соттарға шағым-талаптарды, оның ішінде ұйым органдарының мүшелерін, бас бухгалтерді, егер олардың іс-әрекетімен (әрекетсіздігімен) ұйымға шығын келтірілген болса, жауапқа тарту туралы шағым-талаптарды береді;
Тармақша 4
4) ұйым құрылтайшыларының, кредиторлары мен дебиторларының назарына уәкілетті органның лицензияны қайтарып алу және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімді ұсынады;
Тармақша 5
5) уәкілетті органға және сотқа жасалған жұмыс туралы есепті ұсынады.
Тармақ 11
11. Уақытша әкімшілік өз қызметі кезеңінде ұйымды ұстауға шығатын ағымдағы шығыстарды, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға, салымшыларға шоттардан үзінді жазбаларды беруге және ұйымға келіп түсетін ақшаны есептеуге байланысты шығыстарды қоспағанда, шығыс операцияларын жүзеге асырмайды.
Уақытша әкімшілік шығыстарды уақытша әкімшілік басшысы бекіткен шығыстар сметасына сәйкес жүзеге асырады. Шығыстар сметасы уақытша әкімшілікті тағайындаған сәттен бастап жеті күннен кешіктірмей ай сайынғы жоспарланатын шығындарға қарай жасалады.
Уәкілетті орган уақытша әкімшіліктің қызметіне бақылау жасайды, оның ішінде уақытша әкімшіліктің шығыстар сметасында көзделген ақшаның пайдалануына.
Тармақ 12
12. Уәкілетті орган бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында уақытша әкімшілікке жазбаша нұсқамаларды жібереді, есеп берудің нысанын, мерзімін және кезеңділігін белгілеп, уақытша әкімшіліктің қызметін тексереді.
Тармақ 13
13. Уақытша әкімшілік өз қызметі кезеңінде қызметтік үй-жайларды, байланыс құралдарын, автомобиль көлігін және уақытша әкімшіліктің қызметін жүзеге асыру үшін ұйымға тиесілі өзге де техникалық құралдарды пайдаланады.
Қажет болған жағдайда уақытша әкімшілік және оның өкілдері уәкілетті орган берген техникалық құралдарды пайдаланады.
Тармақ 14
14. Уақытша әкімшіліктің қызметі уәкілетті орган ұйымның тарату комиссиясын тағайындаған сәттен бастап тоқтатылады.
Тармақ 15
15. Уақытша әкімшілік тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап өз өкілеттігін қалдырып, он күн ішінде ұйымның бухгалтерлік және өзге құжаттамасын, мөрлерін, мөртабандарын, материалдық және өзге құндылықтарды тарату комиссиясының төрағасына беруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 16
16. Ұйымның құжаттары мен мүлкін уақытша әкімшіліктен оның тарату комиссиясына қабылдау-тапсыру актісімен ресімделеді, оны уәкілетті орган бекітеді. Бекітілген актінің бір данасы іс материалдарына тіркелу үшін сотқа жіберіледі.
Тармақ 17
17. Банктің уақытша әкімшілігі мынадай іс-әрекеттерді жасайды:
Тармақша 1
1) банктің активтері мен міндеттемелерін, баланстан тыс активтері мен міндеттемелерін, қолдағы шарттар мен басқа да негізгі құжаттарды түгендейді, оның нәтижелері бойынша тиісті акті жасалады;
Тармақша 2
2) банктің корреспонденттік шоттары бар екінші деңгейдегі банктерге және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне уәкілетті органның уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімінің көшірмесін және банктің корреспонденттік шоттары бойынша операцияларды тоқтата тұру туралы өтінішті ұсынады;
Тармақша 3
3) тағайындау сәтінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей банктің корреспонденттік шоттары бар банктерге және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне банк атынан құжаттарға қол қою құқығына ие лауазымдық тұлғалардың қол үлгілері бар жаңа карточкаларды ұсынады;
Тармақша 4
4) банк құрылтайшыларының (қатысушыларының), кредиторларының, дебиторларының және екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) ұжымдық кепілдік беруді (сақтандыруды) жүзеге асыратын ұйымның назарына уәкілетті органның лицензияны қайтарып алу және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімін жібереді;
Тармақша 5
5) оны тағайындаған сәттен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) ұжымдық кепілдік беруді (сақтандыруды) жүзеге асыратын ұйымға жеке тұлғалардың кепілдік берілетін салымдары (депозиттері) туралы және уәкілетті органмен келісілген нысан бойынша оларға есептелген сыйақы сомасы туралы ақпаратты ұсынады;
Тармақша 6
6) банкке келіп түсетін қолма-қол ақшасыз аударымдардың және қолма-қол ақшаның, оның ішінде заемшылар бұрын берілген кредиттер бойынша қайтарылғанын, кредиттер бойынша сыйақы мен өзге де кірістерді, сондай-ақ тұрақсыздық айыптарын, өсімпұлдар мен айыппұлдарды, банктің аванстық төлемдерінің қайтарылуын, сондай-ақ банкке меншік құқығында тиесілі бағалы қағаздарды өтеуден болған қаражатты қоса алғанда, бұрын жасалған мәмілелерден болған (қолма-қол ақшасыз және қолма-қол ақшалай) кірістердің есепке алынуын бақылайды;
Тармақша 7
7) төлеушілердің осы құжаттарды қайтарып алу туралы өтініштері негізінде "Мерзімінде төленбеген есеп айырысу құжаттары", "Банктің корреспонденттік шотында ақшаның болмауынан мерзімінде төленбеген клиенттердің есеп айырысу құжаттары" баланстан тыс шоттар бойынша картотекалардан төлем құжаттарын қайтарады.
Тармақ 18
18. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі мынадай іс-әрекеттерді жасайды:
Тармақша 1
1) активтер мен міндеттемелерді, жеке шоттарды, сақтандыру шарттарын (полистерді) және басқа да негізгі құжаттарды түгендейді, оның нәтижесі бойынша акті жасайды;
Тармақша 2
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шарт (полис) бланкілерін және сақтандыру агенттерінің қолындағы қолма-қол ақша қалдығын алады. Қолма-қол ақша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шотына тапсырылады;
Тармақша 3
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоттары бар банктерге уәкілетті органның уақытша әкімшілікті тағайындау туралы бұйрығының көшірмесін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоттары бойынша операцияларды тоқтата тұру туралы өтінішті ұсынады;
Тармақша 4
4) тағайындау сәтінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей банк шоттарының ашылу орны бойынша банктерге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан құжаттарға қол қою құқығына ие лауазымдық тұлғалардың қол үлгілері бар жаңа карточкаларды ұсынады;
Тармақша 5
5) активтерді, оның ішінде сақтандыру резервтерінің қаражатын анықтайды;
Тармақша 6
6) сақтандыру жағдайы басталған сақтандыру шарттары бойынша, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары бұрын жасаған шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жасау жөніндегі шешімді заңдарда белгіленген тәртіппен қабылдайды;
Тармақша 7
7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы құрылтайшыларының (қатысушыларының), кредиторларының, дебиторларының және сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру төлемдеріне ұжымдық кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның назарына уәкілетті органның лицензияны қайтарып алу және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімін жібереді;
Тармақша 8
8) сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру төлемдеріне ұжымдық кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға уәкілетті органмен келісілген нысан бойынша мәліметтер мен ақпаратты ұсынады;
Тармақша 9
9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына келіп түсетін барлық қолма-қол ақшасыз аударымдардың және қолма-қол ақшаның, оның ішінде орналастырылған сақтандыру резервтері мен кірістерінің қайтарылуын, оның ішінде сақтандыру сыйлықақы мен өзге де кірістердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аванстық төлемдерінің, дебиторлық берешегінің, тұрақсыздық айыбы мен айыппұлдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына меншік құқығында тиесілі бағалы қағаздарды өтеуден болған қаражаттың есепке алынуын бақылай ды;
Тармақша 10
10) төлеушілердің осы құжаттарды қайтарып алу туралы өтініштері негізінде "Мерзімінде төленбеген есеп айырысу құжаттары" шоттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының картотекасынан төлем құжаттарын қайтарады.
Тармақ 19
19. Жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігі мынадай іс-әрекеттерді жасайды:
Тармақша 1
1) өзінің активтері мен міндеттемелерін, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін түгендейді, оның нәтижесі бойынша акті жасайды, оның ішінде мыналарды көрсете отырып зейнетақы активтерінің жай-күйі туралы актіні жасайды:
зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған шарттардың жалпы тізімін;
міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының тізімін;
ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының тізімін;
ерікті кәсіби зейнетақы жарналары салымшыларының тізімін;
инвестициялық портфельдің құрылымын, уақытша әкімшілікті тағайындау күніне шоттағы инвестицияланбай қалған ақша қалдығын, ұлттық бірегейлендіру нөмірін, айналыс мерзімін, санын (данасын), сатып алу бағасын, бір бағалы қағаздың ағымдағы құнын, проценттер мен дивидендтер бойынша есептелген кірісті, жинақтаушы зейнетақы қорының "ДЕПО" шотындағы бағалы қағаздардың жалпы санын көрсете отырып, берілетін бағалы қағаздардың тізбесін;
банктік салымның қажетті деректемелерін: банктің (эмитенттің) атауын, сомасын, шарттың жасалу күнін, шарттың қолданылу мерзімін, жылдық сыйақы ставкасын, банктік салым бойынша есептелген және алынған сыйақы сомасын көрсете отырып, екінші деңгейдегі банктерге банктік салымдарға салынған зейнетақы активтерінің сомасын;
Тармақша 2
2) жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшыларының (қатысушыларының), кредиторлары мен дебиторларының назарына уәкілетті органның лицензияны қайтарып алу және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімін жібереді;
Тармақша 3
3) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға және банк шоттары бар банктерге, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкіге уәкілетті органның уақытша әкімшілікті тағайындау туралы бұйрығының көшірмесін ұсынады;
Тармақша 4
4) тағайындау сәтінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей екінші деңгейдегі банктерге және кастодиан банкіге жинақтаушы зейнетақы қорының атынан құжаттарға қол қою құқығына ие лауазымдық тұлғалардың қол үлгілері бар жаңа карточкаларды ұсынады;
Тармақша 5
5) жинақтаушы зейнетақы қорына келіп түсетін қолма-қол ақшасыз аударымдардың және қолма-қол ақшаның, оның ішінде зейнетақы жарналарының, дебиторлық берешегінің, сондай-ақ тұрақсыздық айыбының, өсімпұлдар мен айыппұлдардың, қаржы құралдарына орналастырылған зейнетақы активтері қайтарылуының, өзге кірістердің, жинақтаушы зейнетақы қорының аванстық төлемдерінің, жинақтаушы зейнетақы қорының меншік құқығында тиесілі бағалы қағаздарды өтеуден болған қаражаттың есепке алынуын бақылайды;
Тармақша 6
6) зейнетақы активтерін:
зейнетақы қоры бұрын жасаған зейнетақы активтерін инвестициялық басқару шартының және кастодиандық шарттың негізінде;
зейнетақы қорына берілген тиісті лицензияның негізінде;
зейнетақы қорына не осы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға берілген инвестициялық басқару лицензиясының қолданылуы тоқтатылған кезде инвестициялық басқару шартын және кастодиандық шартты жасау арқылы одан әрі инвестициялық басқаруын қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) төлеушілердің осы құжаттарды қайтарып алу туралы өтініштері негізінде "Мерзімінде төленбеген есеп айырысу құжаттары" шоттары бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының картотекасынан төлем құжаттарын қайтарады.
Тарау 4. 4-тарау. Ұйымның ақшалай және басқа да құндылықтарын тексеру (ревизия жасау), құжаттар мен мүлікті қабылдау, тапсыру, мүлікті түгендеу
4-тарау. Ұйымның ақшалай және басқа да құндылықтарын тексеру (ревизия жасау), құжаттар мен мүлікті қабылдау, тапсыру, мүлікті түгендеу
Тармақ 20
20. Уақытша әкімшілік тағайындалған сәттен бастап үш күн ішінде ұйымның, оның филиалдарының, өкілдіктерінің кассалық торабынан тыс орналасқан кассалардағы, банкоматтардағы және операциялық кассалардағы барлық ақшалай және материалдық құндылықтарды, сондай-ақ қатаң есептегі бланкілерді тексереді (ревизия жасайды).
Ревизия кенет жасалады, барлық қолма-қол ақша, құндылықтар, қатаң есептегі бланкілер тексеріледі және ұйымның барлық құрылымдық бөлімшелерінде бір мезгілде бір күнде басталады. Ревизия қорытындысы актімен ресімделеді. Ревизия қорытындысы бойынша қолма-қол ақшаның, құндылықтардың жеткіліксіз болуы анықталған жағдайда, осы факті бойынша құжаттар құқық қорғау органдарына беріледі.
Тармақ 21
21. Уақытша әкімшілік ұйымның барлық мөрлерін (мөртабандарын) қабылдағаннан кейін ұйымның құжаттарын қабылдайды, ал ұйымның басшысы мен бас бухгалтері оларды тапсырады.
Құжаттарды қабылдау-тапсыру уақытша әкімшілік белгілеген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады және актімен ресімделеді.
Тармақ 22
22. Уақытша әкімшілік ұйымның басшысымен және бас бухгалтерімен бірлесіп ол басталған күннен бастап бір ай ішінде мүлікті түгендейді.
Түгендеуді жүргізу үшін түгендеу комиссиясы құрылады, оның құрамын уақытша әкімшіліктің басшысы бекітеді.
Түгендеу ұйымның басшысына уәкілетті органның уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімін ұсынған күні басталады. Түгендеуді жүргізу мерзімін уәкілетті органның келісімімен уақытша әкімшілік айқындайды және жұмыстың сипаты мен көлемін ескере отырып ұзартылуы мүмкін.
Тармақ 23
23. Түгендеуді жүргізбес бұрын түгендеу комиссиясы:
Тармақша 1
1) қосымша үй-жайларды, жертөле және жеке кіретін әрі шығатын есіктері бар мүлікті сақтаудың басқа орындарын пломбылайды;
Тармақша 2
2) түгендеу сәтіне соңғы келіп түсетін және жіберілетін құжаттарды немесе түгендеуге жататын мүліктің қозғалысы туралы есептерді алады.
Тармақ 24
24. Түгендеу нәтижелері актімен ресімделеді, оған түгендеу комиссиясының мүшелері және материалдық жауапты адам қол қояды.
Уақытша әкімшілік түгендеу (салыстырып тексеру) нәтижелерін ескере отырып, ұйымның материалдық құндылықтарын, мүлкін қабылдайды, ал ұйымның басшысы мен бас бухгалтері оларды тапсырады.
Тарау 5. 5-тарау. Қорытынды ережелер
5-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 25
25. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.