Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба на территории Бурлинского района Күшін жойған
Басқа 0
Бөрлі ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48–бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Муктар Серикович Нурмаков тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімінің «Бөрлі ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» 2024 жылғы 8 ақпандағы №2 шешімі жойылсын.
Тармақ 4
4. Бөрлі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік – құқықтық жұмысы бөлімі осы шешімнің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 6
6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 28 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.