Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера в городе Темиртау Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Теміртау қаласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің міндетін атқарушысының 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» бұйрығына, 2024 жылғы 30 наурыздағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес, Теміртау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысының Теміртау қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Қуатұлы Қыдырбеков тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Теміртау қаласы әкімінің орынбасары - төтенше жағдайды жою басшысы Ринат Қуатұлы Қыдырбеков осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 29 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.