О проведении конкурса на получение гранта из местного бюджета для организации бизнес - инкубаторов в Актюбинской области Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Ақтөбе облысында бизнес-инкубаторлар ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен грант алуға конкурс өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27
бабына сәйкес, «Ақтөбе облысы бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту және
қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасы туралы»
облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 27 наурыздағы 17 сессиясының № 9
шешімін іске асыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» ММ (Р. Ә. Юсупова) Ақтөбе облысында бизнес-инкубаторлар ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен грант алуға облыстық конкурс (бұдан әрі - конкурс) өткізсін.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Ақтөбе облысында бизнес-инкубаторлар ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен грант алуға конкурс өткізу жөніндегі Ереже;
Тармақша 2
2) конкурстық комиссия құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3.
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Қ. Ғилымовқа жүктелсін.
Басқа 6
Облыс әкімиятының
2004 жылғы «23» нарыздағы
№ 72 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Ақтөбе облысында бизнес-инкубаторлар ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен грант алуға конкурс өткізу жөніндегі Ереже
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже «Ақтөбе облысы бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасы туралы» облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 27 наурыздағы 17 сессиясының № 9 шешімін іске асыру, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында жасалды.
Тармақ 2
2. Осы Ереже облыс аудандарында бизнес-инкубаторлар ұйымдастыру
жөніндегі үздік бизнес-жоспар конкурсын өткізуге дайындалу тәртібін, шарттарын және мерзімін анықтайды.
Тармақ 3
3. «Облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» мемлекеттік мекемесі
конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады.
Тармақ 4
4. Ережеде мынадай түсінік қолданылады:
Бизнес-инкубатор - кәсіпкерлікті жаңадан қолына алғандардың шағын
кәсіпорындар мен фирмалардың аяқалыс дамуы үшін неғүрлым қолайлы
жағдай жасаушы ұйым, кәсіпкерлікті жаңадан қолына алғандарды қолдауға
бағытталған ұйымдық-шаруашылық кешендер нысандардың бір түрі.
Бөлім 2. 2. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері
2. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 5
5. Облыс аудандарында бизнес-инкубатор ұйымдастыру жөніндегі
үздік бизнес-жоспар конкурсы:
Тармақша 1
1) облыста шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымдарын
дамытуға септесу;
Тармақша 2
2) құрылатын бизнес-инкубаторлар желісі арқылы кәсіпкерлікті жаңадан қолына алғандарды қолдау;
Тармақша 3
3) жаңа жұмыс орындарын ашу;
Тармақша 4
4) жаңа рыноктар ашу және бәсекелікті қолдау;
Тармақша 5
5) облыста бизнес-инкубаторларды ашу және қолдау үшін қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсаттары мен міндеттерін көздейді.
Бөлім 3. 3. Конкурсқа қатысу үшін қойылатын талаптар
3. Конкурсқа қатысу үшін қойылатын талаптар
Тармақ 6
6. Аудандық бизнес-инкубаторларының басшылары мен өкілдері
конкурсқа қатынасушы бола алады, олар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес аумақтық
әділет органдарында тіркелген;
Тармақша 2
2) бизнес-инкубатор қызметін дамыту үшін өндірістік жайы бар;
Тармақша 3
3) бизнес-инкубатордың қызметі аудандағы іскерлік белсенділікті
дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, консалтингтік қызмет көрсетуге
қызметтің белгілі түрін немесе өнімін дамыту үшін жағдай жасау мақсатында
кәсіпкерлікті қолдарына жаңадан алғандардың рынокта өз бетінше жұмыс
істеуге көмек беруге бағытталуы тиіс.
Тармақ 7
7. Қатысушылардың:
Тармақша 1
1) тіркелуге тиісті құжаттар көшірмесі (заңды түлғаны тіркегені туралы куәлік, статистикалық карточка, салық төлеушінің тіркеу номері);
Тармақша 2
2) бизнес-жоспар;
Тармақша 3
3) бизнес-инкубаторды орналастыратын жайдың барлығын растайтын
құжаттар (техпаспорт көшірмесі, жалға алу шарты, т.б.);
Тармақша 4
4) бизнес-инкубатор басшысына мінездеме, кепілдемехат сияқты құжаттар мен мэліметтерді көрсетуі конкурсқа қатысу үшін қойылатын міндетті шарт болып табылады.
Тармақ 8
8. Бизнес-жоспарда:
Тармақша 1
1) бизнес-инкубатор қызметінің сипаттамасын;
Тармақша 2
2) нарыққа талдауы (шағын бизнестің аумақта алатын орнын зерттеу
нэтижелері қорытылған түрде);
Тармақша 3
3) кәсіпкерлікті жаңадан қолға алғандарды оқыту жөнінде өткізілетін
семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, курстар саны;
Тармақша 4
4) бизнес-инкубатордың негізінде даярлауға жоспарланған шағын
кәсіпкерлік субъектілерінің саны;
Тармақша 5
5) кәсіпкерлерді бизнес-инкубаторға қабылдау және шығару рәсімі;
Тармақша 6
6) кәсіпкерлікті жаңадан қолға алушылардың бизнес-инкубаторда болу
мерзімі (жайларды жеңілдігі бар негізде жалдауға берудің мерзімін көрсете
отырып);
Тармақша 7
7) кәсіпкерлікті жаңадан қолға алушыларға одан әрі жалға беру үшін
офистік жайлар мен өндірістік алаңдардың болуы;
Тармақша 8
8) қаржыны (бизнес-инкубаторды іске асыру үшін қолда бар қаржы
көздері және қажетті шығындарды көрсету керек) корсету қажет.
Тармақ 9
9. Бизнес-жоспарларды облыс әкімиятының қаулысымен бекітілген
конкурстық комиссия іріктейді.
Тармақ 10
10. Конкурс қатысушыларды тіркеу ақпараттық хабарлама алған
күннен басталады және конкурсты өткізуге 1 күн қалғанда аяқталады.
Тармақ 11
11. Конкурс қатысушысы ретінде тіркеу үшін осы ереженің 6 тармағында айтылған құжаттар пакетін көрсету қажет.
Тармақ 12
12. Егер оған кемінде екі қатысушы қатысса, конкурс өткізілген болып
есептеледі.
Тармақ 13
13. Конкурс жеңімпазын таңдау критерийі:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысушы қызметінің осы конкурстың мақсаты мен міндетіне сәйкес келуі;
Тармақша 2
2) қатысушыңың өз аумағында бизнес-инкубатор ретінде қызмет ету
қажеттілігі;
Тармақша 3
3) кәсіпкерлікті жаңадан қолға алғандарға берілетін жеңілдіктердің
болуы (жайларды, жабдықтарды жалға беру және т.б.)
Тармақша 4
4) кәсіпкерлікті жаңадан қолға алушыларға одан әрі жалға беру үшін
офистік жайлар меи өндірістік алаңдардың жеткіліктілігі;
Тармақша 5
5) оны дамуытуға бағытталған бизнес-инкубатордың жеке
қаражатының болуы.
Тармақ 14
14. Комиссияның соңғы шешімі конкурс қорытындысы жөніндегі хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы мен барлық мүшелері қол
қояды.
Бөлім 4. 4. Конкурс қорытындысын шығару
4. Конкурс қорытындысын шығару
Тармақ 15
15. Конкурс қорытындысы бойынша «Жергілікті деңгейде шағын кәсіпкерлікті қолдауды ұйымдастыру» 2720200 бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын үздік бизнес-жоспарлар анықталады.
Тармақ 16
16. Конкурс жеңімпаздарымен «Жергілікті деңгейде шағын кәсіпкерлікті қолдауды ұйымдастыру» бағдарламасын орындау ауқымында бірлесіп қызмет ету туралы шарт жасалады, оған сәйкес жеңімпаз бюджеттен бөлінген қаржыны қатаң түрде мақсатты жұмсауға міндеттенеді.
Басқа 52
Облыс әкімиятының
2004 жылғы 23 наурыздағы
№ 72 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Конкурстык комиссия ҚҰРАМЫ
Юсупова Рашида Әбілсағитқызы
«Ақтөбе облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» ММ бастығы, комиссия
төрағасы
Өмірбекова Сәуле Рахымқызы
"Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлікті қолдау басқармасы" ММ бастығының орынбасары , комиссия төрағасының орынбасары
Еңсегенұлы Сағат
"Ақтөбе облысы қаржы департаменті" ММ директоры
Ниязмағамбетов Марат Қожабекұлы
«Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар жөніндегі облыстық
басқарма» ММ бастығы
Мырхин Абай Исламұлы
Бизнес-орталық қоғамдық қорының президенті (келісім бойынша)