О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима розничного налога по Жуалынскому району Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жуалы ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес, Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жуалы ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесі салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4%-дан 2%-ға төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Жуалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 желтоқсандағы №12-3 «Жуалы ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5132 болып тіркелген) шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.