Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба в селе Жалаулы Жалаулинского сельского округа Актогайского района Павлодарской области Күшін жойған
Басқа 0
Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылдық округінің Жалаулы ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына, 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушысының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы», бұйрығына сәйкес, төтенше жағдайлардың алдыналу және жою жөніндегі Ақтоғай ауданы комиссиясының кезектен тыс отырысының 2024 жылғы 30 наурыздағы № 4, хаттамасы негізінде, Ақтоғай ауданының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылдық округінің Жалаулы ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Ақтоғай ауданының әкімінің орынбасары Е.К. Машриков тағайындалсын және табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.