Некоторые вопросы специально уполномоченных органов по государственному контролю в области охраны, воспроизводства и использования животного мира Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегі арнайы уәкілетті органдардың кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасының " Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы " 1993 жылғы 21 қазандағы және " Жекелеген қару түрлерiнің айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы " 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау жөнiндегi арнайы уәкiлетті органдардың арнайы құралдар мен атыс қаруын сақтау, алып жүру және қолдану құқығы берiлген лауазымды тұлғалардың тiзбесi;
Тармақша 2
2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау жөнiндегi арнайы уәкiлеттi органдардың лауазымды тұлғаларының арнайы құралдар мен атыс қаруын сақтау, алып жүру және қолдану ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Басқа 0. Арнайы құралдар мен атыс қаруын сақтау, алып жүру және қолдану құқығы берiлген жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау жөнiнде арнайы уәкілеттi органдардың лауазымды тұлғаларының Тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 сәуiрдегi N 466 қаулысымен бекiтiлген Арнайы құралдар мен атыс қаруын сақтау, алып жүру және қолдану құқығы берiлген жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау жөнiнде арнайы уәкілеттi органдардың лауазымды тұлғаларының Тізбесі Балық ресурстарын қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспектор - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi аумақтық басқармасының қызметкерi. Мемлекеттiк инспектор - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi орталық аппаратының қызметкерi. Мемлекеттiк инспектор - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасының қызметкерi. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөнiндегi мемлекеттік инспекторы. Лауазымды тұлғалар - жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiнде арнайы уәкiлетті органдардың қарауындағы мамандандырылған ұйымдардың жануарлар дүниесiн күзетудi тiкелей жүзеге асыратын инспектор, қорықшы, аңшылық маманы.
Басқа 1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау жөнiнде арнайы уәкiлеттi органдардың лауазымды тұлғаларының арнайы құралдар мен атыс қаруын сақтау, алып жүру және қолдану Ережесі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 сәуiрдегi N 466 қаулысымен бекiтiлген Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау жөнiнде арнайы уәкiлеттi органдардың лауазымды тұлғаларының арнайы құралдар мен атыс қаруын сақтау, алып жүру және қолдану Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiнде арнайы уәкiлеттi органдардың лауазымды тұлғаларының, (бұдан әрi - арнайы уәкiлетті орган) сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiнде арнайы уәкілетті органдардың қарауындағы мамандандырылған ұйымдардың (бұдан әрi - арнайы мамандандырылған ұйымдар) жануарлар дүниесiн күзетудi тiкелей жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы тәртiп бұзушылықтың алдын алу және тыю, жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында қызмет мiндеттерiн орындауы кезiнде олардың арнайы құралдар мен атыс қаруын сақтау, алып жүру және қолдану тәртiбiн айқындайды.
Тарау 2. 2. Арнайы құралдар мен атыс қаруын сақтау ережесi
2. Арнайы құралдар мен атыс қаруын сақтау ережесi
Тармақ 2
2. Арнайы құралдар (қол кiсендерi, резина таяқшасы, жалтырауық шамдар, жеке басын броньмен қорғау құралдары, көлiктi тоқтауға мәжбүр ету құрылғылары), атыс қаруы мен оның оқтары арнайы жабдықталған сақтау орындарында сақталады.
Тармақ 3
3. Ішкі iстер органдарымен келiсiм бойынша арнайы құралдарды, атыс қаруы мен оның оқтарын арнайы уәкілетті органдар мен мамандандырылған ұйымдардың лауазымды тұлғалары тұрақты тұратын жерде арнайы құралдарға атыс қаруы мен оның оқтарын бөтен адамдардың қолы жетпейтiн металл шкафтарда (сейфтерде) сақтауға жол берiледi. Бұл ретте металл шкафтар (сейфтер) еденге немесе қабырғаға берiк бекiтілуге және сенiмдi (кемiнде екi) iшкi құлыппен қалыңдығы кемiнде 3 миллиметр қабырғасы болуға тиiс.
Тарау 3. 3. Арнайы құралдар мен атыс қаруын алып жүру және қолдану тәртiбi
3. Арнайы құралдар мен атыс қаруын алып жүру және қолдану тәртiбi
Тармақ 4
4. Лауазымды тұлғалар табиғат қорғау iс-шараларын жүргiзу алдында арнайы уәкiлеттiк алған органдар мен мамандандырылған ұйымдар басшыларының рұқсатнамалары бойынша арнайы құралдармен және атыс қаруымен қамтамасыз етіледi, олар арнайы құралдар мен атыс қаруын берудiң есебiн жүргiзу журналында тiркеледi. Iс-шаралар аяқталғаннан кейiн арнайы құралдар мен атыс қаруы олардың сақталуына жауапты тұлғаға қолы қойып тапсырылады.
Тармақ 5
5. Арнайы құралдарды, атыс қаруы мен оның оқтарын басқа тұлғаларға беруге болмайды.
Тармақ 6
6. Атыс қаруын оқтаулы күйiнде алып жүруге болмайды.
Тармақ 7
7. Арнайы құралдар мен атыс қаруы төтенше жағдайларда ғана:
Тармақша 1
1) жануарлар дүниесiнiң күзетiн қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) табиғат қорғау заңнамасының құқық бұзушылары дене күшiмен қарсылық көрсеткен жағдайда оларды ұстау және ұсталған адамдарды жеке басын анықтау үшiн ішкі iстер органдарына жеткiзу;
Тармақша 3
3) көмегiмен құқық бұзушылық жасалған көлiк құралын тоқтату және ұстау;
Тармақша 4
4) дабыл белгісiн беру немесе көмекке шақыру үшiн қолданылады.
Тармақ 8
8. Арнайы құралдар мен атыс қаруын пайдалануды кiдiрту лауазымды адамның өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiп төндiретiн немесе өзге де ауыр зардаптарға душар етуi мүмкiн жағдайларды қоспағанда, оларды қолдану кезiнде ол өзiне қарсы қолданылатын тұлғаға ескерту жасалып, лауазымды тұлғаның талаптарын орындауы үшiн жеткілiкті уақыт берілуi тиiс.
Тармақ 9
9. Атыс қаруы қолданылған жағдайда оны қолданған арнайы уәкiлеттi органдардың немесе мамандандырылған ұйымдардың лауазымды тұлғасы:
Тармақша 1
1) зардап шеккендерге шұғыл медициналық жәрдем көрсету;
Тармақша 2
2) өзiнiң басшылығына, прокуратура және iшкi iстер органдарына дереу хабарлау үшін шаралар қолданады. Кiсi өлiмi болған жағдайда арнайы прокуратура немесе iшкi iстер органының өкiлi келгенше уәкiлетті органдардың немесе мамандандырылған ұйымдардың лауазымды тұлғасы қаза тапқан кiсi денесiн күзетудi және болған оқиға ахуалын сақтауды қамтамасыз етедi.
Тармақ 10
10. Арнайы құралдар мен атыс қаруын кәмелетке толмаған жастар, әйелдер, айқын мүгедектік белгiсi бар адамдар қарулы қарсылық көрсеткен жағдайларды қоспағанда, оларға қарсы қолдануға болмайды.
Тарау 4. 4. Арнайы құралдар мен атыс қаруын сақтау, алып жүру және қолдану тәртiбiн бұзғаны үшін жауапкершiлік
4. Арнайы құралдар мен атыс қаруын сақтау, алып жүру және қолдану тәртiбiн бұзғаны үшін жауапкершiлік
Тармақ 11
11. Арнайы құралдар мен атыс қаруын сақтау, алып жүру және қолдану ережесiн бұзғаны үшiн арнайы уәкiлеттi органдардың немесе мамандандырылған ұйымдардың лауазымды тұлғалары заңнамамен белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады.