Об утверждении размера и Правил оказания жилищной помощи в городе Лисаковске Қолданыста
Басқа 0
Лисаков қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Лисаков қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Лисаков қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Лисаков қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және Қағидасы
Мәслихаттың
2024 жылғы 15 наурыздағы
№ 87 шешіміне
1-қосымша
Лисаков қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және Қағидасы
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қостанай қаласында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісін «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағида) айқындалған тәртіппен есептейді.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалды.
Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі бес (5) процент мөлшерінде айқындалды.
Тұрғын үй көмегінің мөлшері көрсетілетін қызметті берушімен Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.
Тармақ 5
5. «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына сәйкес әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлемі жүзеге асырылады (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген).
Тармақ 6
6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) Қағидаға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілетін қызметті алушыларға тиісті қаржы жылына арналған қала бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың немесе қызмет көрсетушілердің жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.
Басқа 14. Лисаков қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Мәслихаттың
2024 жылғы 15 наурыздағы
№ 87 шешіміне
2-қосымша
Лисаков қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 297 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5621 болып тіркелген);
Тармақ 2
2. Мәслихаттың «Мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 297 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 386 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6130 болып тіркелген);
Тармақ 3
3. Мәслихаттың «Мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 297 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2016 жылғы 3 маусымдағы № 31 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6491 болып тіркелген);
Тармақ 4
4. Мәслихаттың «Мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 297 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2018 жылғы 10 қазандағы № 276 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8080 болып тіркелген);
Тармақ 5
5. Мәслихаттың «Мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 297 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 393 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9128 болып тіркелген);
Тармақ 6
6. Мәслихаттың «Мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 297 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 5 мамырдағы № 37 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9905 болып тіркелген) шешімі;
Тармақ 7
7. Мәслихаттың «Мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 297 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 6 маусымдағы № 146 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28387 болып тіркелген).