Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекция басшысының 2024 жылғы 02 сәуірдегі № 02-05/102 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Тексеруге өткізілген бір бас ірі қара малының, бас миы сынамасынан «Құтырық» ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты, Қарабау ауылы округі, Сынтас елді мекені, Л.Тотаев көшесі № 1-19 тұрғын үйлердің аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.