Об определении размера и Правила оказания жилищной помощи в городе Жанаозен Қолданыста
Басқа 0
Жаңаөзен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелген) сәйкес Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімге 1 қосымшаға сәйкес Жаңаөзен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімге 2 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Жаңаөзен қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Басқа 1
Жаңаөзен қалалық мәслихатының
2024 жылғы 28 наурыздағы
№ 14/112
шешіміне 1 қосымша
Жаңаөзен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жаңаөзен қаласында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелген) (әрі қарай - Тұрғын үй көмегін беру қағидасы) айқындалған тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші есептейді.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi №295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.
Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушыларға шығыстар сметасына және коммуналдық қызметтерді төлеуге шоттарына сәйкес кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттар бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілетін қызметті алушыларға тиісті қаржы жылына арналған қала бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.
Басқа 2. Жаңаөзен қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Жаңаөзен қалалық мәслихатының
2024 жылғы 28 наурыздағы
№ 14/112
шешіміне 2 қосымша
Жаңаөзен қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. 2015 жылғы 30 наурыздағы №37/304 «Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2699 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. 2016 жылғы 16 мамырдағы №2/25 «Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы №37/304 «Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3057 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. 2017 жылғы 23 мамырдағы №10/134 «Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы №37/304 «Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3374 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. 2018 жылғы 6 тамыздағы №22/282 «Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы №37/304 «Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3701 болып тіркелген).
Тармақ 5
5. 2019 жылғы 23 желтоқсандағы №40/467 «Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы №37/304 «Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4092 болып тіркелген).
Тармақ 6
6. 2020 жылғы 2 сәуірдегі №42/490 «Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы №37/304 «Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4179 болып тіркелген).
Тармақ 7
7. 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №53/578 «Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 2 сәуірдегі №42/490 «Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы №37/304 «Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4406 болып тіркелген).
Тармақ 8
8. 2021 жылғы 16 сәуірдегі №3/29 «Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы №37/304 «Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4494 болып тіркелген).
Тармақ 9
9. 2021 жылғы 25 қарашадағы №11/90 «Жаңаөзен қалалық мәслихатының «Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 наурыздағы №37/304 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №25576 болып тіркелген).
Тармақ 10
10. 2022 жылғы 5 мамырдағы №18/148 «Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы №37/304 «Жаңаөзен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №28030 болып тіркелген).
Тармақ 11
11. 2023 жылғы 21 тамыздағы №6/52 «Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы №37/304 «Жаңаөзен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4596-12 болып тіркелген).