Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с производством услуг по обеспечению безопасности хранения государственных электронных информационных ресурсов, размещенных на информационно-коммуникационной инфраструктуре «электронного правительства» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымында орналастырылған мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымында орналастырылған мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпаратық қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;
Тармақша 2
2) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
Басқа 0. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымында орналастырылған мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі
бұйрығына қосымша/ бұйрығымен бекітілген/ «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымында орналастырылған мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) 7-2-бабына сәйкес Ақпараттық қауіпсіздік операциясы орталығының қызметін жүзеге асыру, Заңның осы бабының 1 тармағының 3) тармақшасын қоспағанда.