Об объявлении на территории Есильского района Северо-Казахстанской области чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының
аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи
сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4 бабы 5тармағының 3) тармақшасына және 48-бабына, 50-бабы 2 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің міндетін атқарушының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32469 тіркелген), елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында, мен Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімі ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою бойынша басшысы болып Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын сәйкес іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін бағыты бойынша орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 7 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.