Об установлении дифференцированного тарифа на маршруты регулярных городских автомобильных перевозок пассажиров и багажа в городе Аягоз Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аягөз қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау маршруттарына сараланған тарифті белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына және «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына, 27-бабына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақша 1
1) Аягөз қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау маршруттарына сараланған тариф белгіленсін.
Тармақша 2
2) Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің «Аягөз қаласының аумағында қалалық қатынастар жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тариф белгілеу туралы» 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №732 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3678 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 1
1. Жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау көлік карталары арқылы және интернет желісі арқылы ұялы байланыс құрылғыларымен қоса алғанда қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде: Ересектерге- 80 (сексен) теңге мөлшерінде; Жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға- 40 (қырық) теңге мөлшерінде;
Тармақ 2
2. жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау, қолма-қол ақшамен төлеу кезінде: Ересектерге- 160 (жүз алпыс) теңге мөлшерінде; Жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға- 70 (жетпіс) теңге мөлшерінде.
Тармақ 3
3. Электрондық жолақы төлеу жүйесі жарамсыз болған жағдайда, көлік карталары арқылы төлемді жүзеге асыратын жолаушылар тегін жол жүру құқығына ие болады.
Тармақ 4
4. "Абай облысы Аягөз ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Абай облысы Әділет департаменті органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Аягөз қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
Тармақша 3
3) ресми түрде жарияланғанынан кейін осы қаулының Аягөз қаласы әкімдігінін интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Татеновке жүктелсін. КЕЛІСІЛДІ: Аягөз ауданының мәслихат төрағасы ______________А. Ибрайшин 2024 жылғы "08" сәуір