Об утверждении Правил, Программы тестирования кандидатов для зачисления в кадровый резерв политической государственной службы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін кандидаттардың ереже, Тестілеу бағдарламаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы" 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1243 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы ережесінің 21-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырғандар бекітілсін:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін үміткерлердің тестілеуден өткiзу ережесi;
Тармақша 2
2) Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін үміткерлердің тестілеу бағдарламасы.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақпарат және тестілеу орталығы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алуда үміткерлердің компьютерлік тестіленуі үшін екі апталық мерзімде бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлесін. Осы бағдарламалық қамтамасыз ету облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының тестілеу орталықтарында орнатылсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Ә.А.Көмекбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 7. Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін кандидаттарды тестілеуден өткiзу ережесi
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 21 сәуірдегі N 02-01-02/44 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін кандидаттарды тестілеуден өткiзу ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Тестілеуді өткізудің мақсаты - мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін кандидаттың (бұдан әрі - кандидат) Қазақстан Республикасының заңдарын білуге және логикалық ойлау қабілетіне әділ баға беру.
Тармақ 2
2. Тестілеуге мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін кандидаттарды іріктеу бойынша Комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) бекіткен, тізімге енгізілген кандидаттар жіберіледі.
Тармақ 3
3. Тестілеуден өту кезінде шекаралық мәннен кем баға алған кандидат, алдыңғы тестілеу күнінен соң үш айдан кейін, қайтадан тестілеуден өтуге құқығы бар.
Тармақ 4
4. Тестілеуді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің және аумақтық бөлімшелерінің тестілеу администраторлары (бұдан әрі - администраторлар) өткізеді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігімен (бұдан әрі - Агенттік) тестілеу өткізу процесін қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайда басқа да мамандар тартылуы мүмкін.
Тармақ 5
5. Тестілеу барысында Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестер және логикалық тестер қолданылады.
Тармақ 6
6. Тестілеу компьютерде өткізіледі.
Тармақ 7
7. Тестілеуді өткізудің әділдігі тестілеудің уақыты, нәтижелерді есептеуі, нұсқауы, мазмұны жағдайларының стандарттылығымен, сондай-ақ администраторлардың сыбайлас жемқорлықты жібермеу әрекеттері туралы жазбаша шектеулерімен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 8
8. Тестілеу 4 кезеңнен тұрады:
Тармақша 1
1) тестілеуге дайындық;
Тармақша 2
2) нұсқаулық;
Тармақша 3
3) үміткерлермен тестілердің өтуі;
Тармақша 4
4) үміткерлерге тестілеу нәтижелерін беру.
Тарау 2. 2. Тестілеуге дайындық
2. Тестілеуге дайындық
Тармақ 9
9. Тестілеуді өткізу кезінде администратордың кіріспе сөзіне, кандидаттардың нұсқаумен танысуына, кандидаттардың сұрақтарына жауап беруге, тестің өтуіне уақытты жеткілікті бөлу қажет.
Тармақ 10
10. Тестілеу өткізілетін жай кандидаттардың орналасуына ыңғайлы жағдайға сәйкес болуы керек. Егер бір мезгілде бірнеше адам тестілеуден өтетін болса, олар бір-бірінен жеткілікті қашықтықта орналасулары қажет. Тестілеу уақытында қатысушылардың тестілеу өткізіліп отырған жайда сөйлесуіне және шығып кетуіне болмайды.
Тармақ 11
11. Тестілеудің барлық материалдары алдын-ала дайындалған және тексерілген болуы қажет.
Тарау 3. 3. Нұсқаулық
3. Нұсқаулық
Тармақ 12
12. Тестілеу басталар алдында, администратор тестілеуді өткізу жөнінде егжей-тегжейлі нұсқаулық өткізеді. Администратордың кіріспе сөзіне тестілеудің алдағы жөн-жосығы, іріктеу рәсіміндегі тестілеудің орны жөніндегі тұтастай ақпараттар кіреді.
Тармақ 13
13. Администратор кандидаттардың компьютерді пайдалануға қатысты барлық сұрақтарына жауап береді. Содан кейін администратор тұтастай тестерді өтуге және жеке әр тестке бөлінген уақытқа баса назар аудара отырып, тест жөніндегі нұсқауды дауыстап оқиды.
Тармақ 14
14. Нұсқаулықтың соңында кандидаттарға бар сұрақтарын қоюға мүмкіндік беріледі.
Тармақ 15
15. Администратордың барлық кандидаттардың тапсырманы меңгергендігіне көзі жетуі тиіс, басқа жағдайда қосымша түсініктеме береді.
Тарау 4. 4. Кандидаттардың тесттерден өтуі
4. Кандидаттардың тесттерден өтуі
Тармақ 16
16. Логикалық тестердің орындалуына жіберілген жалпы уақыт - 60 минут, заңдарды білуге тестке - 100 минут (130 сұраққа).
Тармақ 17
17. Кандидаттар заңдарды білуге арналған тестке дейін логикалық тестен өтеді.
Тармақ 18
18. Тестерді орындауға берілген уақыт біткенде, бағдарлама автоматты түрде жабылады.
Тармақ 19
19. Администратор тестілеу біткеннен кейін қатысушылардың тестке қатысқанына рақмет айтады және кандидаттарға мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін іріктеу жүргізудің келесі кезеңін еске салады.
Тарау 5. 5. Тест нәтижесін есептеу
5. Тест нәтижесін есептеу
Тармақ 20
20. Компьютерде тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу енгізілген компьютерлік бағдарлама көмегімен автоматты есептеледі. Нәтиже принтерде басып шығарылады және үміткерге танысу үшін беріледі. Үміткер танысқаннан кейін нәтижесі көрсетілген қағазға қол қояды.
Тармақ 21
21. Логикалық тест және заңдарды білуге арналған тестердің нәтижелері Агенттікте және оның аумақтық бөлімшелерінде сақталады. Тестілеудің нәтижесі туралы ақпарат жиынтық анықтама түрінде рәсімделеді.
Тармақ 22
22. Тестілеудің нәтижесі туралы жиынтық анықтама құпия сипаттағы түрде болады және Комиссияның жұмысшы органына беріледі.
Басқа 39. Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін кандидаттардың тестілеу Бағдарламасы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 21 сәуірдегі N 02-01-02/44 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін кандидаттардың тестілеу Бағдарламасы Осы бағдарлама тестің екі түріне: Қазақстан Республикасы заңдарын білуге және логикалық ойлауға тағайындалады.
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңын , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңын , Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" 1998 жылғы 23 шілдедегі заңын , Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шілдедегі заңын , Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшілерiнiң ар-намыс кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерiн) (бұдан әрi - Ар-намыс кодексi) білуге арналған 130 сұрақ кіреді. Қазақстан Республикасы заңдарын білуге тестілеу өткізу кезінде қолданылатын Сұрақтар тізбесі іріктеліп, Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша 40 сұрақ, Ар-намыс кодексi бойынша 10 сұрақ және жоғарыда көрсетілген заң актілерінің қалғандарының әрқайсысынан 20 сұрақ белгіленген.
Тармақ 2
2. Логикалық тест ойлаудың сандық және текстік түрінен тұрады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестке шекаралық мән әр нормативтік құқықтық акті бойынша 70% кем емес және Ар-намыс кодексi бойынша 80% кем емес дұрыс жауаптан тұрады. Логикалық ойлауға шекаралық мән тестің әр түрі бойынша 50% кем емес дұрыс жауаптан тұрады.