Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 03 сәуірдегі № 05-03/192-И ұсынысы негізінде Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шектеу іс-шаралары:
Тармақша 1
1) Шымкент қаласы Тұран ауданы А. Байтұрсынов көшесі № 85Б үй аумағына мысықтан құтыру ауруы анықталуына байланысты;
Тармақша 2
2) Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы М. Мәметова көшесі бойына аламаннан құтыру ауруы анықталуына байланысты;
Тармақша 3
3) Шымкент қаласы Тұран ауданы М. Серсенбаев көшесі бойына иттен құтыру ауруы анықталуына байланысты белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуы Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Т. Мекамбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Кәрімовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі