Об утверждении Правил благоустройства, санитарной очистки территорий, содержания и защиты зеленых насаждений в городе Аркалыке и сельских населенных пунктов Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арқалық қаласында және ауылды мекендерде көрiктендiру, аумақты санитарлық тазарту, жасыл желектердi қорғау және ұстау жөнiндегi Ережесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Заңының 6-бабының және Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексiнiң 387-бабының негiзiнде Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Арқалық қаласында және ауылды мекендерде көрiктендiру, аумақты санитарлық тазарту, жасыл желектердi қорғау және ұстау жөнiндегi Ережесi бекiтiлсiн (қосымша).
Басқа 2. Арқалық қаласы мен ауылдық елді мекендер аумағын көркейту, санитарлық тазалау, көкжелектерін сақтау мен қорғау Ережелері
Арқалық қалалық Мәслихатының 2004 жылғы 26 наурыздағы № 52 сессиясының шешіміне қосымша Арқалық қаласы мен ауылдық елді мекендер аумағын көркейту, санитарлық тазалау, көкжелектерін сақтау мен қорғау Ережелері Аталған ережелер Арқалық қаласы мен ауылдық елді мекендер аумағын көркейту, оның элементтерін сақтау тәртібін, қорғау және пайдалану, аумақтар мен көшелер тазалығын сақтау, жинастыру тәртібін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 387-бабына сәйкес заңды және жеке тұлғалардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін анықтайды.
Тарау 1. 1-Тарау. Негізгі ұғымдар мен анықтаулар
1-Тарау. Негізгі ұғымдар мен анықтаулар
Тармақ 1
1. Аумақты көркейту - қала және ауылдық елді мекендер аумағында адамның ынғайлы тіршілік қызметін қамтамасыз ететін элементтер мен жұмыстардың кешені.
Тармақ 2
2. Бекітілген аумақ бөлінген аумаққа жапсарласқан, әйтпесе оған қызмет көрсету үшін пайдаланылатын немесе қорғалатын аймақ болып табылатын жер учаскесі. Қала шегіндегі бекітілген аумақтар мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) Жиегі жолмен шектелген, көшелері жетілдірілген жамылғылы немесе көшелердің өтпелі бөлігінің ортасына дейін жетілдірілмеген жамылғылы - қала көшелері жағындағы аумақ;
Тармақша 2
2) аулаішілік аумақ;
Тармақша 3
3) белгіленіп берілген аумақтықтың периметрі бойынша қашықтығы 25 метрге дейінгі аумақ;
Тармақша 4
4) өкілетті органдардың рұқсаты бойынша сақтау, жинақтау және басқа мақсаттар үшін уақытша пайдаланылатын аумақ;
Тармақ 3
3. Жасыл желек санитарлық-гигиеналық жағдайды және көріктендіру мен безендірудің сәулеттік-ландшафттық деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін қаланың жоспарлау құрылымының элементі.
Тармақ 4
4. Жермен жұмыстар аумақты қазумен байланысты жұмыстар, топырақты қайтадан төгу.
Тармақ 5
5. Жерді пайдаланушы меншік мақсатына және түріне қарамастан қала шегіндегі жерлерді пайдаланатын заңды және жеке тұлғалар (кәсіпорындар, ұйымдар, коммерциялық құрылымдар, кәсіпкерлер, жеке сектор үйлерінің үйелері, тұрғын-үй шаруашылық кәсіпорындары, жеке пәтер иелерінің кооперативі).
Тармақ 6
6. Инженерлік желілер мен имараттар қар суын және жер беті суын жинау мен бұру үшін халықтың және кәсіпорындардың мұқтажына кешенді қызмет көрсетуге бағытталған қаланы инженерлік көріктендірудің маңызды элементі.
Тармақ 7
7. Кіші сәулеттік нышандар - көлемі бойынша салыстырмалы түрде алғанда шағын сәндік және пайдаға жарату сипатындағы нысандар:
Тармақша 1
1) Сәндік имараттар мүсіндер, фонтандар және сәнді су қоймалары, бедер тақталар, оймабедерлер, гүл құмыралары, тутұғырлар және басқалар;
Тармақша 2
2) пайдаға асыру сипатындағы имараттар - орындықтар, павильондар, дүңгіршектер, телефон автоматтар, аттракциондар, қоршаулар, құтылар, көшелердің, үйлердің нұсқағыштары және жарнамалар, пошта жәшіктері және тағы басқа.
Тармақ 8
8. Құрылыс салынбаған аумақ - жер үсті және жер асты құрылыстарының барлық түрі жоқ аумақ.
Тармақ 9
9. Қоғамдық орындар көпшілік демалуға пайдаланатын аймақ (саябақтар, саяжайлар, алаңдар, көлік аялдамалары тағы басқа).
Тармақ 10
10. Жер телімі өкілетті органдардың шешіміне сәйкес пайдалану үшін немесе иеленуге жер пайдаланушыға, оған тиісті нысандарды, ғимараттарды, имараттарды, көлік магистральдарын және тағы басқа орналастыруға берілген жер учаскесі.
Тармақ 11
11. Көше - көлік жүретін бөлік, тротуарлар, жасыл желектер, жер асты және жер үсті инженерлік желілер орналасқан қала аумағы.
Тармақ 12
12. Оңтайланған аудан инженерлік коммуникациялары жұмыс істемейтін, босаған ғимараттары бар, сондай-ақ нысандар, жолдары, тротуарлары, жасыл желектері қызмет атқарып тұрған қала аумағы.
Тарау 2. 2-Тарау. Жалпы ережелер
2-Тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 13
13. Меншік түріне қарамастан кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар мен азаматтар көркейту ережелерін сақтауға, қала аумағында тиісті тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге міндетті және ғимараттар мен имараттардың бүтін қалпында сақталуын қолдауға тиіс. Аумақтағы учаскелер осы Ережелердің, қала әкімі мен ауылдық елді мекендер әкімдерінің реттеу актілері негізінде санитарлық мазмұны мен сыртқы көркі бойынша заңды және жеке тұлғаларға бекітіліп беріледі.
Тармақ 14
14. Жылдың жылы маусымында, табиғат жағдайларына байланысты маңайды жинастырумен қатар бөлінген аумақ сумен тазалауға және суарылуға тиіс.
Тармақ 15
15. Әрбір меншік субъектілері көшелер мен жолқиылыстарын жинауды былайша атқарады: ені - үймелері аумағының ұзынабойы, көлденеңі екі қапталдағы құрылыстардың ортасына дейін және бір қапталдағы құрылыстардың ұзынабойы.
Тармақ 16
16. Көшелердің көлденеңі бойынша көлік өтетін бөлікті, жолдарды, алаңдарды, өзен жағалауын, аллеяларды, сондай-ақ саябақтар, шағынгүлбақтар аумағының жолдарын тазалауды оларға бекітілген ұйымдар мен «Тазарту» Мемлекеттік Коммуналдық Кәсіпорыны жүргізеді.
Тармақ 17
17. Жолдардан сыпырындыны көгалдар мен көкжелектер түбіне тастауға рұқсат етілмейді.
Тармақ 18
18. Әкімшілік және өндірістік, сауда және қоғамдық тамақтандыру ғимараттары жанынан, тұрғын жай құрылысы аумағында автомобиль көліктері тұратын орындар жабдықталуға тиіс. Көлік құралдарының көгалдарға, шағынгүлбақтарға және жасыл желекті орындарға, көпшілік пайдаланатын тұрғын үйлер, дүкендер, дәріханалар, базарлар, қызметтік ғимараттар жерлеріне кіруіне және тоқтауына тыйым салынады.
Тармақ 19
19. Автокөлік кәсіпорындары, базар, қоймалар, құрылыс алаңдары, зауыттар және басқа нысандар басшылары аумақтардың қатты жол жамылғыларын қоршауды және жайластыруды, кіреберіс жолдардың, алаңдардың көлік айналуға жарамды болуын қамтамасыз ету.
Тармақ 20
20. Сауда ұйымдарының басшылары мен дүкендердің иелері дүңгіршектер мен басқа да сауда нүктелеріне іргелес 10 метр радиус аумақты тазартуға және жинастыруға міндетті.
Тармақ 21
21. Автокөлік құралдарын тұрғын мөлтек аудандары ішінде және көпшілік пайдаланатын жерлерде жууға және жөндеуге тыйым салынатын жерлерде жууға және жөндеуге тыйым салынады. Автомобильдерді, мотоциклдерді және басқа көлік құралдарын су таратқыш колонкалар маңында, өзендер мен су қоймалары, саяжайларында, адамдар жаппай демалатын орындарда, тұрғын үй кіреберістерінде жууға тыйым салынады.
Тарау 3. 3-Тарау. Қала аумағында шағын сәулеттік нышандарды орнату мен сақтау тәртібі
3-Тарау. Қала аумағында шағын сәулеттік нышандарды орнату мен сақтау тәртібі
Тармақ 22
22. Сыртқы көріктендірудің барлық элементтері, оның ішінде ғимараттардың қасбеттерін әрлеу - аумақ құрылысы тәртібін белгілейтін ережелерге сәйкес орындалуға тиіс. Сауда кәсіпорындары мен қызмет көрсету салаларының қасбеттері жақсы жағдайда ұсталуға және жарықтандырылған болуға тиіс.
Тармақ 23
23. Қала аумағында шағын сәулеттік нышандарды салуға және орнатуға «Арқалық қалалық құрылыс басқармасы» Мемлекеттік Мекемесінің сәулет бөлімі, ауылдық елді мекендерде ауыл әкімі келісім бергеннен кейін ғана рұқсат беріледі.
Тармақ 24
24. Шағын сәулеттік нышандардың барлық қондырғылары жарамды жағдайда сақталуға тиіс.
Тармақ 25
25. Тұрғын үй, қызметтік, өндірістік және басқа ғимараттар мен имараттар иелері көше нұсқағыштарды және нөмірлік белгілерді жарамды жағдайда ұстауға міндетті.
Тармақ 26
26. Барлық меншік түріндегі заңды тұлғалар ғимараттың ортаңғы кіреберісінде заңды тұлғаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі атауын жазуға және оны тиісті жағдайда ұстауды қамтамасыз етуге міндетті.
Тарау 4. 4-Тарау. Инженерлік желілерді, имараттар мен коммуникацияларды сақтаудың тәртібі
4-Тарау. Инженерлік желілерді, имараттар мен коммуникацияларды сақтаудың тәртібі
Тармақ 27
27. Инженерлік коммуникацияларға қатысы бар заңды және жеке тұлғалар қаланың көріктендіруіне қайшылық келтірмес үшін инженерлік желілер мен имараттардың техникалық жағдайын уақытымен қадағалауға міндетті. Аумақты қар суы басып кетпеуіне, бөлінген және күзетілетін аймақтардың санитарлық жағдайын, нөсерлі және жаңбыр қабылдайтын құдықтардың қақпақтары мен жапқыштары төсерленген қатты жабындының деңгейімен бірдей болуын қадағалау қажет және олар әрқашанда жұмыс жағдайында болуы керек. Жер астындағы желілердің дұрыс пайдаланбағандығынан бұзылуына жол бермес үшін қатты және топырақты жабындылардың жағдайын тексеріп отыру және уақытымен жөндеуден өткізу керек.
Тармақ 28
28. Күрделі жөндеуді жүргізген немесе аумақты қатты жабындымен қайта жаңартқан жағдайда инженерлік желілер құдықтарының қақпақтарын талап етілетін белгіге дейін жеткізу тапсырыс берушінің есебінен жүргізіледі.
Тармақ 29
29. Нөсерлі құдықтарды, бақылау және жаңбыр қабылдайтын құдықтарды тазартуды «Тазарту» Мемлекеттік Коммуналдық Кәсіпорыны қызметтері жүргізеді, шығарылған барлық лас қоқыстар жедел сыртқа шығаруға жатады.
Тарау 5. 5-Тарау. Аумақты тазартудың қысқы кезеңдегі ерекшеліктері
5-Тарау. Аумақты тазартудың қысқы кезеңдегі ерекшеліктері
Тармақ 30
30. Қарды тазарту қар түсе бастағанда басталуға тиіс және тапталмас үшін қар түсу тоқтағанға дейін үздіксіз жалғасуға тиіс. Жаңа түскен қарды автобус аялдамалары аумағынан басқа көшелер мен алаңдар бойында жалға салуға және үюге болады, қар түсу тоқтаған соң жылдам тысқа тасымалдануға тиіс. Жолдарды және өткелдерді бөгеуге, қарды және мұзды желектер отырғызылған көгалдарға қаластыруға тыйым салынады.
Тармақ 31
31. Көшелердің жүргіншілер өтетін бөлігіне, алаңдарға, көпірлерге, жолқиылыстарына, өрге және еңіске механикалық жолмен құм төсеуді коммуналдық кәсіпорындардың маманданған қызметі жоспарлы ретпен жүргізеді.
Тармақ 32
32. Жерді пайдаланушы барлық меншік түрлері бөлінген және бекітілген аумақта тайғаққа қарсы іс-шараларды (қарды және мұзды қаластыру, сырғанақ жерлерге инертті материалдар төсеу) қарастыруға міндетті.
Тармақ 33
33. Тротуарларды жинау мен тазарту, қыру және тайғаққа қарсы материалдарды себу күн сайын таңертеңгі сағат 8-ге дейін және сағат 16-дан кейін жүргізілуге тиіс, сонда жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысы қамтамасыз етілетін болады. Қоғамдық көлік аялдамаларына өтетін және жаяу жүргіншілер көшені қиып өтетін жерлерді тазартуға айырықша көңіл бөлу керек.
Тармақ 34
34. Қалалық жолаушылар көлігі аялдамаларында қар жалдары ұзындығынан екі автобус сиятындай етіліп тазартылуға тиіс жаяу жүргіншілер өтетін орындарда бұл жұмыс - ең кемі 5 метрден кем болмауы, бұл жұмыс бірінші кезекте атқарылуға тиіс.
Тармақ 35
35. Шатырларды қардан тазарту және кәріздердегі, төбелердегі, су тазартқыш құбырлардағы ұраларды тазарту жүргіншілерге бақытсыз жағдай тудырмау және әуе желілерін, шамдар мен көк желектерді бүлдірмеу мақсатында қауіпсіздік шараларын міндетті түрде сақтай отырып, ғимараттар мен имараттар иелерінің күшімен және құралдарымен жүйелі түрде жүргізілуге тиіс.
Тармақ 36
36. Мөлтек ауданішілік өтпелерді және аумақтық аулаларды тазарту - уақытында атқарылуы керек. Аулаларға, кіре берістерге, қоқыс салынатын қораптар орналасқан орындарға көліктер өтуіне ерекше көңіл аударылуға тиіс.
Тармақ 37
37. Жүргіншілер өтетін бөліктердің қарын ротормен тазалау өтпелер мен жолдар бос алаптары бөлігіндегі аумақта атқарылуға тиіс. Қарды жасыл желектер мен көгалдарға тастауға тыйым салынады.
Тарау 6. 6-Тарау. Жасыл желектерді сақтаудың тәртібі
6-Тарау. Жасыл желектерді сақтаудың тәртібі
Тармақ 38
38. Шағын гүлбақтардың, желекжолдардың, саябақтардың, көгалдардың және басқа жасыл шаруашылықтардың ағымдық күтімі коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарына, сондай-ақ аумақтар бекітіліп берілген заңды және жеке тұлғаларға жүктеледі Жерді пайдаланушылар өздеріне сеніп тапсырылған аумақтағы жасыл желектерді қорғауды және өсіруді қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 39
39. Құрылыс қалдықтарын жерасты коммуникациялары мен инженерлік желілер тартқанда бүлінетін көк желектерді сырып тастау мен қайта отырғызу «Арқалық қаласының құрылыс басқармасы» Мемлекеттік Мекемесінің сәулет бөлімі бекіткен көк желектерді сырып тастау туралы актісі болғанда ғана жүзеге асады. Көк желектердің қайта отырғызуға немесе сырып тастауға жарамдылығын құрамында қала әкім аппараты, коммуналдық қызмет мамандары және имараттар мен инженерлік желілерді салуға немесе жөндеуге тапсырыс берушілері кіретін комиссия анықтайды.
Тармақ 40
40. Көк желектерді сырып тастау және қайта отырғызу құрылыс салушылардың күшімен және құралдарымен атқарылады. Сырып тастаған көк желектерді жаңаша қалпына келтіру - ғимараттарды, имараттарды, инженерлік желілер мен коммуникацияларды салуды немесе жөндеуді орындайтын ұйымдарға жүктеледі.
Тармақ 41
41. Жұмыстарды жүргізгенде заңды және жеке тұлғалар міндетті:
Тармақша 1
1) Жасыл желектерді бөлінуден қорғауға;
Тармақша 2
2) қала жолдарын, тротуарларды, өтпелерді, алаңдарды тағы басқа өңдегенде және асфальттағанда соңынан көк шөп отырғызуға және темір тор орнатуға диаметрі кемі 1 метр бағаналық орын қалдыруға;
Тармақша 3
3) Көк желектер орналасқан аймақта жолдарды, тротуарларды, тағы басқа жаңартқанда және салғанда тік белгінің 5 метрден жоғары немесе төмен болуына жол бермеуге. Егер тамыр жүйесін көміп тастау немесе жалағаштау қауіпі туған жағдайда жобада көк желектердің қалыпты өсуі үшін жағдайды бұзбайтын құрылғыны қарастыру қажет;
Тармақша 4
4) Салынып жатқан нысандарға кіреберіс жолдарды төсеген кезде желектердің орналасуын ескеру қажет және көк желектердің қоршауларын бүлдіруге болмайды.
Тармақ 42
42. Көк желек отырғызылған аумақта тыйым салынады:
Тармақша 1
1) құрылыс материалдарын, жапырақты, ағашты, көмірді және басқа көгалды, гүлдерді, қадалық ұяларды ластайтын материалдарды қаластыруға болмайды;
Тармақша 2
2) Көгалмен жүруге, гүлдерді жұлуға және отырғызылатын материалдарды қазуға, ағаштарды, бұталарды ұсындыруға немесе кесуге, басқа да механикалық зақым келтіруге;
Тармақша 3
3) Қалада және ауылдық елді мекендерде ағаштарды, бұталарды, желектерді өз бетімен кесуге;
Тармақша 4
4) Қала әкімі аппараты қызметтерімен келісімсіз қоршаулар тұрғызуға;
Тармақша 5
5) Саябақ, гүлзар, көгал аумақтарына мал жаюға.
Тармақ 43
43. Коммуналдық кәсіпорындар, Жеке пәтер иелерінің кооперативі, басқа да меншіктегі ұйымдар мен кәсіпорындар қуарған жалаңаш бұтақтарды кесуді және қурағандарын томарға айналдыруды уақытында жүргізуге міндетті.
Тарау 7. 7-Тарау. Қала аумағындағы қазылумен байланысты жер жұмыстарын жүргізудің тәртібі
7-Тарау. Қала аумағындағы қазылумен байланысты жер жұмыстарын жүргізудің тәртібі
Тармақ 44
44. Қала аумағындағы қазумен байланысты жұмыс істейтін заңды және жеке тұлғалар жермен жұмыс жасауға тиісті қалалық қызметтен рұқсат (ордер) алуға міндетті.
Тармақ 45
45. 44-тармақта көрсетілген барлық тұлғалар қала әкімінің бекіткен «Арқалық қаласы аумағында жол жамылғыларын, тротуарларды, көгалдарды және басқа қала нысандарын, элементтерді бүлдіруге қатысты жұмыстарды жүргізудің тәртібін» сақтауға міндетті.
Тарау 8. 8-Тарау. Жер пайдаланушылардыњ міндеттері
8-Тарау. Жер пайдаланушылардыњ міндеттері
Тармақ 46
46. Жерді пайдаланушы міндетті:
Тармақша 1
1) бөлінген және бекітілген аумақты, инженерлік желілерді және олардың элементтерін (құдықтар, қақпақтар, торкөздер, тіректер, сорғылар, жылу пункттері, трансформаторлық қосалқы станциялар) санитарлық нормаларда белгіленген тиісті санитарлық жағдайда ұстауға;
Тармақша 2
2) қалдықтарды жинау мен сақтау үшін қатты жабындылы арнайы жабдықталған алаңы болуы;
Тармақша 3
3) сұйық қалдықтарды сыртқа шығару үшін санитарлық нормаларға сәйкес келетін қазылған шұңқыр болуы;
Тармақша 4
4) қалдықтарды сыртқа шығару мен көмуді арнайы полигонда (қалалық қоқыс төгетін жерде) атқару, бұл үшін қалдықтарды жоюға арналған «Тазарту» Мемлекеттік Коммуналдық Кәсіпорынымен шарт жасасу;
Тармақша 5
5) қажет болғанда өз аумағында залалсыздандыру және дератизация жүргізу (масаларды, тарақандарды, шыбындарды, тышқандар мен егеуқұйрықтарды жою үшін).
Тармақша 6
6) жабындысы жоқ құрылыс алаңдарын және басқа нысандарын, құрылыс қоқыстарын, топырақтарды тағы басқа бөлінген аумақтың сыртына шығармай қалыпты жағдайда ұстауды қамтамасыз ету.
Тармақ 47
47. Жер пайдаланушыға тыйым салынады:
Тармақша 1
1) жабдықтарды, ыдыстарды, шикізаттарды, құрылыс материалдарын арнайы белгіленбеген аумақта қаластырып қоюға;
Тармақша 2
2) қала аумағында от жағуға, қоқыстарды, түскен жапырақтарды, бұталарды, өндірістік қалдықтарды өртеуге;
Тармақша 3
3) қоршаған ортаға зиян тигізетін тазарту әдістерін пайдалануға.