Об утверждении натуральных норм специальных транспортных средств для транспортного обслуживания Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу, его территориальных органов и специализированного государственного учреждения Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, оның аумақтық органдары және мамандандырылған мемлекеттік мекемелеріне көлік қызметін көрсету үшін арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне, оның аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесіне көлік қызметін көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының заттай нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне, оның аумақтық органдары және мамандандырылған мемлекеттік мекемесіне көлік қызметін көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 29 қазандағы № 317-НҚ бұйрығының күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Әкімшілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
Төрағасының
2024 жылғы « 2 » сәуірдегі
№ 93-НҚ бұйрығымен
бекітілген
р/т №
Арнайы көлік құралдарын пайдалануға құқығы бар құрылымдық бөлімшенің атауы
Арнайы көлік құралдарының заттай нормалары
Жеңіл автомобильдер базасында
жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустарының шассилерінде
1 а/м жүру лимиті айына (км)
1
2
3
4
5
1
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі
24
6
2600
2
Саны 50 штаттық бірлікке дейін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Экономикалық
тергеп-тексеру департаменттері
6
1
2600
3
Саны 50-ден 60 штаттық бірлікке дейін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Экономикалық
тергеп-тексеру департаменттері
7
1
2600
4
Саны 60-тан 80 штаттық бірлікке дейін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Экономикалық
тергеп-тексеру департаменттері
8
1
2600
5
Саны 80-нен 83 штаттық бірлікке дейін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Экономикалық
тергеп-тексеру департаменттері
9
1
2600
6
Саны 83-ден 90 штаттық бірлікке дейін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Экономикалық
тергеп-тексеру департаменттері
10
2
2600
7
Саны 90-нан және одан жоғары штаттық бірлікке дейін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Экономикалық
тергеп-тексеру департаменттері
12
2
2600
8
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кинологиялық орталығы
2
1
2600
Ескертпе:
* жеңіл, жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустары мен шағын автобустардың шассиіндегі қозғалтқыш көлемі автомобиль моделіне байланысты.