Мүгедектер ісі жөнінде кеңес құру туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектер ісі жөнінде кеңес құру туралы Ақмола облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 17 наурызда 1612 тіркелген "Мүгедектер ісі жөнінде кеңес құру туралы" Ақмола облысы әкімінің 2003 жылғы 26 ақпандағы № а-2/68 қаулысына сәйкес, мемлекеттік органдардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарының жұмысын үйлестіру және мүгедектерді әлеуметтік қолдау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мүгедектер ісі жөніндегі кеңестің жеке құрамы № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мүгедектер ісі жөніндегі кеңес туралы ереже № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Мүгедектер ісі жөніндегі кеңестің жеке құрамы аудандық мәслихат сессиясының бекітуіне ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Еслямоваға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы облыстық әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді. Аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Еслямова Аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі Г.Павликова Аудандық білім бөлімінің меңгерушісі Т.Кочергина Туризм және спорт жөніндегі бас маман Н.Прилепко Аудандық қаржы бөлімі бастығының орынбасары Г.П.Вахрушева
Басқа 6
Бұланды ауданы әкімдігінің "Мүгедектер ісі жөнінде кеңес құру туралы" 2003 жылғы 29.12. № 281 қаулысына 1 қосымша Мүгедектер ісі жөніндегі кеңестің құрамы Еслямова Ақнұр Қабиденқызы - аудан әкімінің орынбасары, төрайымы Павликова Галина Васильевна - аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі Харламова Татьяна Юрьевна - аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы, хатшы Рамазан Нина Сергеевна - аудандық емхананың Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне қызмет көрсету жөніндегі терапевті Кочергина Татьяна Ивановна - аудандық білім бөлімінің меңгерушісі Грибовский Анатолий Михайлович - аудандық мүгедектер ерікті қоғамының төрағасы (келісім бойынша) Әкімбаев Серік Құрмашұлы - аудандық зағиптар ерікті қоғамының төрағасы (келісім бойынша) Прилепко Николай Николаевич - туризм және спорт жөніндегі бас маман Вахрушева Галина Петровна - аудандық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісім бойынша)
Басқа 7
Бұланды ауданы әкімдігінің "Мүгедектер ісі жөнінде кеңес құру туралы" 2003 жылғы 29.12. № 281 қаулысына 2 қосымша Мүгедектер ісі жөніндегі кеңес туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Мүгедектер ісі жөніндегі кеңес (бұдан былай - Кеңес) Бұланды ауданы әкімінің жанындағы консультативтік-кеңестік орган болып табылады. Кеңесті құру мақсаты мүмкіншіліктері шектеулі мүгедектер мен балаларды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарының жұмысын үйлестіру жөнінде ұсыныс әзірлеу болып табылады. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" заңын, Ақмола облысының әділет басқармасында 04.12.2003 жылда 2157 тіркелген, аудандық мәслихаттың 2003 жылғы 24 қарашадағы № С-2/2 шешімімен бекітілген Мүгедектерді оңалтудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарымен басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары
Тармақ 2
2. Мүгедектік, мүгедектер мен мүмкіншілігі шектеулі балалардың проблемаларымен айналысатын қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеу.
Тармақ 3
3. Мүгедектіктің алдын алу, оңалту, әлеуметтік қорғау, білім беру және кәсіби дайындығы, мүмкіншіліктері шектеулі мүгедектер мен балалардың жұмыспен қамтылу проблемаларына байланысты жергілікті мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
Тармақ 4
4. Мүмкіншіліктері шектеулі мүгедектер мен балалар проблемасы бойынша ұсыныс дайындау.
Тарау 3. 3. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
3. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Кеңесті төраға басқарады. Қажеттілігіне қарай Кеңестің отырысына төраға немесе оның тапсырмасы бойынша оның орынбасары шақырады, бірақ отырыс бір тоқсанда кем дегенде бір рет өтуге тиіс.
Тармақ 6
6. Жұмысты ұйымдастыру, сәйкес материалдарды дайындау, Кеңеске ұсыныс әзірлеу Кеңестің хатшысына жүктеледі. Кеңес өз ісін қоғамдық жұмыс ретінде атқарады.
Тармақ 7
7. Кеңестің шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады, Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілігі қолдап дауыс берсе, шешім қабылданды деп есептеледі. Дауыс тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 8
8. Кеңес отырысының нәтижесі бойынша хаттама тұрғызылады, оған отырысқа қатысқан Кеңес мүшелері қол қояды. Кеңестік шешімі ұсыныс түрінде беріледі.
Тармақ 9
9. Кеңесті жұмысшы органы аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімі болып табылады.
Тарау 4. 4. Кеңестің жұмысын тоқтату тәртібі
4. Кеңестің жұмысын тоқтату тәртібі
Тармақ 10
10. Кеңес өз жұмысын аудан әкімдігінің қаулысымен тоқтатады.