Об объявлении на территории района Шал акына Северо-Казахстанской области чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы аумағында жергілікті масштабтағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушысының 2013 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысының 2024 жылғы 04 сәуірдегі № 4 хаттамасы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы аумағында жергілікті масштабтағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға басшысы болып Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің жетекшілік ететін бағыты бойынша орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 04 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.