О Комиссии по обеспечению безопасности на транспорте при акимате города Алматы Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласы Әкiмшiлiгi жанындағы көлiкте жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi комиссия туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"
Заңы
27 бабы 1 тармағы 21 тармақшасы негiзiнде Алматы қаласының аумағында көлiкте жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi ұсыныстар мен ұсынымдамаларды әзiрлеу мақсатында, Алматы қаласының Әкiмшiлiгi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы Әкiмшiлiгi жанындағы көлiкте жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi комиссия-консультативтi-кеңесшi орган құрылсын (N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Комиссия туралы Ереже бекiтiлсiн (N 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Белгiленген тәртiпте ұсынылған Комиссияның жеке құрамы Алматы қаласы Мәслихатына бекiтуге берiлсiн.
Тармақ 4
4. Алматы қаласы Үкiмiнiң 2001 жылғы 30 қарашадағы № 490 "Көлiкте жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қалалық комиссия туралы" шешiмiнiң күшi жойылды деп есептелсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Я.И. Заяцқа жүктелсiн.
Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң
2004 жылғы "15" наурыздағы N 2/230
"Алматы қаласы Әкiмшiлiгi жанындағы
көлiкте жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз
ету жөнiндегi комиссия туралы"
қаулысының келiсу парағы
Енгiзушi:
Көлiк және коммуникация
департамент директорының
орынбасары
С. Жұмабеков
Келiсiлдi:
Алматы қаласы Әкiмiнiң
бiрiншi орынбасары
Я. Заяц
Көлiк және коммуникация
департамент директоры
В. Сухоруков
Алматы қалалық IIББ жол
полициясы басқармасының
бастығы
I. Бектұров
Қалалық төтенше жағдайлар
басқармасының бастығы
Б. Ысқақов
Қоршаған ортаны қорғау
басқарма бастығы
Е. Уандықов
Көлiк бақылау комитетi
басқармасының бастығы
Н. Бектенов
Заң бөлiмi
Р. Исабаева
Таратылсын: № 3 қабылдау бөлмесiне, аудан
әкiмдерiне, көлiк және коммуникация
департаментiне, ҚIIБ ЖПБ-на, АҚТЖБ-на, ҚОҚБ-на,
КБКБ-на, қалалық көлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз
ету жөнiндегi комиссиясына.
Хаттама бөлiмiнiң
меңгерушiсi
М. Құлсейiтова
Басқа 6
Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң
2004 жылғы 15 наурыздағы N 2/230
"Алматы қаласы Әкiмшiлiгi жанындағы
көлiкте жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз
ету жөнiндегi комиссия туралы"
қаулысына 1 қосымша
Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы көліктегі
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі
Алматы қалалық комиссиясының құрамы
Мәулен Шапанбайұлы Мұқашев - Алматы қаласы әкімінің орынбасары,
комиссия төрағасы
Бауыржан Бейсенұлы Ысқақов - Алматы қалалық Жұмылдыру дайындығы,
азаматтық қорғаныс, авариялар мен
дүлей апаттардың алдын алуды және
жоюды ұйымдастыру департаментінің
директоры
Игорь Евдокимович Ключников - комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Бақтыгелді Емелұлы Айқымбеков - Алматы қалалық Ішкі істер департаменті
жол полициясы басқармасының бастығы
Әнуәрбек Сиражұлы Әмірханов - Қазақстан Республикасы Өнеркәсіптік
қауіпсіздік және көлік
қауымдастығының төрағасы,
(келісімі бойынша)
Мұрат Махметұлы Бекмағамбетов -"Көлік ғылыми-зерттеу институты"
Акционерлік қоғамының директоры
(келісімі бойынша)
Владимир Михайлович Дарвин -"Тәуелсіз бағалау және сараптама"
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің бас директоры
(келісімі бойынша)
Юрий Викторович Ильин - Қазақстан Республикасының Төтенше
жағдайлар жөніндегі министрлігінің
Алматы қаласы бойынша төтенше
жағдайлар жөніндегі департаменті
бастығының орынбасары
(келісімі бойынша)
Сұлтанбек Алмасбекұлы Мәкежанов-Алматы қалалық табиғи ресустар және
табиғатты пайдалануды реттеу
департаментінің директоры
Сейітбек Ұзақұлы Түркебаев - Қазақстан Республикасының
Көлік қозғалысы қауіпсіздігі қоры
Алматы қалалық филиалының директоры
(келісімі бойынша)
Басқа 7
Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң
2004 жылғы "15" наурыздағы N 2/230
"Алматы қаласы Әкiмшiлiгi жанындағы
көлiкте жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз
ету жөнiндегi комиссия туралы"
қаулысына 2 қосымша
Алматы қаласы Әкiмшiлiгi жанындағы көлiкте жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi комиссия туралы Ереже
Тармақ 1
1. Алматы қаласы Әкiмшiлiгi жанындағы көлiкте жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) консультативтi-кеңесшi орган болып табылады, Алматы қаласы жергiлiктi атқарушы органының оның өкiлдiгiн жүзеге асыруда, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi "Жол қозғалысының қауiпсiздiгi туралы"
Заңында
белгiленген, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"
Заңына
сәйкес Алматы қаласының жергiлiктi атқарушы органы басшылық ететiн Комиссияның қызметiнiң жұмысын үйлестiрудi Алматы қаласының Әкiмi жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Комиссия қызметiнiң басты мақсаты Алматы қаласындағы жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында жергiлiктi мемлекеттiк реттеу басты мәселесiнде ұсыныстар мен ұсынымдамаларды әзiрлеу болып табылады, осы аумақты Алматы қаласының жергiлiктi атқарушы органының жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудегi саясаттың негiзгi бағыттарындағы азаматтық қоғам өкiлдерiмен кеңiнен талқылау өткiзу.
Тармақ 3
3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасының өзге нормалық құқықтық актiлерiн, Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң қаулыларын, Алматы қаласы Әкiмiнiң шешiмдерi мен әкiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Тармақ 4
4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi "Жол қозғалысының қауiпсiздiгi туралы"
Заңын
жүзеге асырудағы Алматы қаласы жергiлiктi атқарушы органының өкiлеттiктерiн жүзеге асыру үшiн жағдай жасау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының көлiкте қауіпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мәселелер бойынша қолданыстағы заңдарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жолымен жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң жұмыстарын жетiлдiруге жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) жергiлiктi мемлекеттiк органдардың Алматы қаласының аумағында көлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыруға жәрдемдесу;
Тармақша 4
4) жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету аумақтық бағдарламасын әзiрлеуге қатысу;
Тармақша 5
5) жергiлiктi мемлекеттiк органдардың көлiк құралдарының техникалық жағдайларын жақсарту және оның қаланың ауа тазалығына ықпал ету, жыл сайынғы көлiк құралдарының техникалық құралдарын байқаудан өткiзу жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдесу;
Тармақша 6
6) Комиссияның құзыретiне кiретiн мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен азаматтардың ұсыныстарын қарап, Алматы қаласының Әкiмiне ұсынымдама беру;
Тармақша 7
7) көлiкте жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында жағдайды нақты бiлуде ғылыми зерттеулердi, ақпараттық көрсеткiштердi құрастыруды өткiзуге жәрдемдесуге;
Тармақша 8
8) көлiкте жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында жағдайды толық баяндау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен бiрлесiп қызмет атқару;
Тармақша 9
9) көлiкте жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiне қатысты азаматтардың өтiнiштерi мен бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қару;
Тармақша 10
10) халықаралық деңгейде өткiзiлетiн көлiкте жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтасу, конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысу.
Тармақ 5
5. Комиссия құзыретi:
Тармақша 1
1) Алматы қаласының Әкiмiне тiкелей бағыныстағы және есептегi мемлекеттiк органдардың басшыларын, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелер басшыларын өз мәжiлiстерiнде тыңдау;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан, құқық қорғау органдарын қоса қажеттi материалдар мен ақпараттарды сұрастыру;
Тармақша 3
3) Комиссия құзыретiне кiретiн мемлекеттiк органдардың, қоғамдық ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, өзге ұйымдар мен азаматтардың ұсынысын қарау;
Тармақша 4
4) жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жұмыстарын жетiлдiру ұсыныстарын әзiрлеу және оларды Алматы қаласының Әкiмшiлiгiнiң қарауына енгiзу;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының жол қозғалысының қауіпсiздiгiн мәселелерiн қарастыратын заңдарды талдау, осы мәселенi реттейтiн заң жобаларын әзiрлеуге қатысу;
Тармақша 6
6) жол қозғалысының қауіпсiздiгiн мәселелерiн қамтамасыз ету саласында талдама материалдарын, сараптау-ұсыным тұжырымдамаларын және халықаралық шарттар бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
Тармақша 7
7) Комиссия мәжiлiсiн әзiрлеуге, аумақтық бағдарламаны әзiрлеуге қатысуға штаттан тыс сарапшыларды, қоғамның белсендi және кәсiби әзiрлiктегi топтарын тарту;
Тармақша 8
8) жергiлiктi атқарушы органдарға жол қозғалысының қауіпсiздiгi мәселелерiн қамтамасыз етудегi статистикалық, әдiстемелiк және өзге ақпараттық материалдарды бағыттау;
Тармақша 9
9) азаматтардың келiп түскен өтiнiштерiн қарау, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын Комиссия ол бойынша нақты шешiм қабылдауға тиiстi мемлекеттiк органға немесе лауазымды тұлғаға жiберуi мүмкiн.
Тармақ 6
6. Комиссия өзiнiң өкiлдiктерiн белгiленген тәртiпте жүзеге асыруда мемлекеттiк үкiмет органдарымен, қоғамдық ұйымдармен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен бiрлесiп жұмыстар атқарады.
Тармақ 7
7. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыруда мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк органдардан, сондай-ақ ұйымдар мен лауазымдық тұлғалардан қажеттi мәлiметтердi құжаттамалар мен материалдарды сұрастыруға және алуға;
Тармақша 2
2) өз мәжiлiстерiнде мемлекеттiк органның тиiстi лауазымды тұлғасынан қаладағы көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге байланысты мәлiметтердi тыңдау;
Тармақша 3
3) жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы тәртiп бұзушылықтар туралы мәлiметтердi өкiлеттi мемлекеттiк органдармен тексерудi бiрге өткiзу;
Тармақша 4
4) белгiленген тәртiпте ғалымдар мен мамандарды жеке жұмыстарды жүзеге асыруға тарту.
Тармақ 8
8. Комиссия құзыретiне сай оның мүшелерi белгiленген заң тәртiбiнде мемлекеттiк үкiмет органдары мен мемлекеттiк ұйымдарда бола алады.
Тармақ 9
9. Алматы қаласы Әкiмiнiң мәлiметiне жiберiлген мәжiлiстерде қабылданған ұсынымдамалар мен тұжырымдамалар комиссияның шешiмi болып табылады.
Комиссияның ұсынымдамалары мен тұжырымдамалары мәжiлiске қатысқан оның мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда мәжiлiс төрағасының даусы шешушi болып табылады.
Тармақ 10
10. Комиссияның ұсынымдамалары мен тұжырымдамалары, оның құзыретi шегiнде қабылданған осы мәселенi шешу оның құзыретiне кiретiн тиiстi мемлекеттiк органға жiберiледi.
Комиссияның ұсынымдамалары мен тұжырымдамаларын алған мемлекеттiк орган және оның лауазымды тұлғасы, белгiленген мерзiмде оларды қарап және қабылдаған шешiмiн хабарлайды.
Тармақ 11
11. Комиссия Алматы қаласы Әкiмiнiң ұсынысымен Алматы қаласы Мәслихаты бекiткен төрағадан, төраға орынбасарынан, хатшыдан және мүшелерден тұрады.
Комиссия төрағасы мен мүшелерi оның жұмысына қоғамдық негiзде қатысады.
Тармақ 12
12. Комиссия төрағасы Комиссияның жұмысына жалпы басшылық етедi, хатшы мен Комиссия мүшелерiне тапсырма берiп, оның мәжiлiсiнiң күн тәртiбiн анықтайды, қызметтiк құжаттар мен ұсынымдамаларға және тұжырымдамаларға қол қойып, Алматы қаласында көлiк қауiпсiздiгiне байланысты кеңестерге қатысады, Алматы қаласы Әкiмiнiң келiсуiмен Алматы қаласының Әкiмшiлiгiне Комиссияның қызметiн жетiлдiруге ұсыныс бередi.
Комиссия төрағасының болмауы жағдайында қызметтiк құжаттарға, ұсыныстар мен ұсынымдамаларға оның хатшысы қол қояды.
Тармақ 13
13. Комиссия мәжiлiсiн оның төрағасы қажетiне қарай, тоқсанына бiр рет шақырады. Комиссия мәжiлiсi құқықты болып есептеледi егер де оған оның мүшелерiнiң тең жартысынан көбi қатысқан жағдайда.
Комиссия төрағасы болмаған жағдайда оның мәжiлiсiне Комиссия төрағасының орынбасары төрағалық етедi.