О социальной защите граждан, пострадавших вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы "Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" N 1787-ХП Заңын және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 22 желтоқсандағы "Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңын қолданысқа енгізудің тәртібі туралы" N 1788-ХП қаулысын жүзеге асыру шаралары туралы" N 431 қаулысын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласының әкімшілігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Семей ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жұмысын үйлестіретін қалалық комиссияның құрамы (әрі қарай - Комиссия) бекітілсін, 1 қосымша сәйкес.
Тармақ 2
2. Азаматтарды тіркейтін және есепке алатын Тәртібі бекітілсін, 2 қосымшаға сәйкес.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдері, оқу орындары, меншік түріне қарамастан ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелер басшылары:
Тармақша 1
1) Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркейтін және есепке алатын комиссия кұрсын;
Тармақша 2
2) Түгендеу өткізсін және 2004 жылғы 01 мамырына дейінгі мерзімде өтемақы төлеу бойынша кредиторлық қарыздар туралы мәліметтердің актуальды жиынтығын әзірлеу, аудандық комиссияларға ұсынсын.
Тармақ 4
4. Алматы қалалық әкімшілігінің 1993 жылғы 30 маусымдағы "Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" N 269 шешімнің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Қ. Бижановқа жүктелсін. Алматы қаласы әкiмшiлiгiнiң 2004 жылы 8 сәуірдегі № 2/301 "Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" қаулысына 1 қосымша Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жұмысын үйлестіру жөніндегі қалалық комиссиясының құрамы Бүкенов Қайрат Ахмадиұлы Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы Нұрланов       Амангелді Жұмаханұлы Алматы қалалық Жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар департаментінің директоры, төраға орынбасары Ұмбаев Айтжан Керімұлы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің директоры Оспанов Мұрат Тұрдыбекұлы Зейнетақы төлемі жөніндегі мемлекеттік орталықтың Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Исабаева Римма Шәкіратқызы Алматы қаласының Әкімі аппараты заң бөлімінің меңгерушісі Еспенбетова Светлана Әлиқызы Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы - комиссия хатшысы
Басқа 8
Алматы қаласы әкiмшiлiгiнiң 2004 жылы 8 сәуірдегі № 2/301 "Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" қаулысына 2 қосымша Семей ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркейтін және есепке алатын комиссиялар туралы Е Р Е Ж Е
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Семей ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркейтін және есепке алатын комиссиялар (әрі қарай - Комиссиялар) оқу орындардың, меншік түріне қарамастан ұйымдардың, кәсіпорындардың және мекемелердің басшылары арқылы құрылады. Комиссиялар өз қызметін қазақстан Республикасының Конституциясына, заң және басқа да мөлшерлемелік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Комиссиялардың функциялары
2. Комиссиялардың функциялары
Тармақ 2
2. Қалалық Комиссия аудандық әкімшіліктерде құрылған комиссиялардың жұмысын үйлестіреді.
Тармақ 3
3. Аудан әкімшіліктерінің комиссиялары:
Тармақша 1
1) азаматтардың тіркелуін заңдылығын тексереді;
Тармақша 2
2) оқу орындардың, меншік түрлеріне қарамастан ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің комиссиялары ұсынған, өтемақы алатын, тіркелген азаматтардың тізімдерін бекітеді;
Тармақша 3
3) тіркелген азаматтардың тізімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. Оқу орындардың, меншік түрлеріне қарамастан ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің комиссиялары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының жеңілдіктер және ақшалай өтемақы алуға құқылы азаматтарынан өтініш қабылдайды;
Тармақша 2
2) ұсынылған барлық құжаттарымен бірге әрбір өтінішті жеке іске рәсімдейді және түскен соң 5 күннен кешіктірмей қарайды;
Тармақша 3
3) комиссияның шешімі хаттама арқылы рәсімделеді және іске тігіліп, тіркеуші органның есепшілер бөлімінде ақша құжаттарымен тең дәрежеде сақталады;
Тармақша 4
4) оңды шешім қабылданса, азаматтарды тиісті журналға тіркейді;
Тармақша 5
5) журналдың мәліметтері негізінде комиссия төрағасы және мүшелері куәландырған тізімдерді әзірлейді және аудан әкімшіліктерінің комиссиясына тапсырады.
Тарау 3. 3. Комиссия қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі
3. Комиссия қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі
Тармақ 5
5. Комиссияны оқу орындардың, меншік түрлеріне қарамастан ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары тағайындайтын және босататын төраға басқарады. Комиссия төрағасы орнында болмаған кезде оның міндетін төрағаның орынбасары атқарады.
Тармақ 6
6. Комиссия хатшысы оның мәжілістері аралығында Комиссия қызметін үйлестіреді, ол қабылдаған шешімдердің орындалуын бақылайды.
Тармақ 7
7. Комиссия мәжілістері қажетіне қарай өткізіледі.
Тармақ 8
8. Комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді.