Об утверждении Положения «О городской комиссии по преодолению бедности и социальной защите населения» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Кедейлікті жеңу және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі калалық комиссйя туралы» Ережені бекіту туралы «Қазақстан Ресггубликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы №148-ІІ Занының 31 бабы 1 тармағы 17 тармақшасына сәйкес, кедейлікті жеңу және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі қалалық комиссияның қызметтерін айқындау мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Кедейлікті жеңу және халықта әлеуметтік қорғау жөніндегі қалалық комиссия туралы қосымша берілген Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Н.Құлжановаға жүктелсі Келісілді: Еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы ____________Н. Кушталова 2004 ж. «15»03 Қалалық қаржы басқармасының бастығы _________________Г. Дорофеева 2004 ж. «15»03 Қалалық денсаулық сақтау бөлімінің _________________Т. Күсемісов 2004 ж. «15»03 Мемлекеттік зейнетақы төлеу Орталығының Солтүстік Қазақстан филиалының директоры _________________К. Амрин 2004 ж. «15»03
Басқа 3
Әкімдіктің 2004ж. «16» наурыз № 148 "Кедейлікті жеңу және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі қалалық комиссия туралы" Ережені бекіту туралы қаулысымен бекітілген Кедейлікті жеңу және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі қалалық комиссия тураль ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес әзірленді. Ереже кедейлікті жеңу және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі комиссия қызметінің ұйымдастырылуын, оның құзыры мен өкілеттігін айқындайды.
Тармақ 2
2. Комиссия қызметінің құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңнамалар актілері, сондай-ақ осы Ереже болып табылады.
Тарау 2. 2. Комиссияның функциялары мен өкілеттіктері
2. Комиссияның функциялары мен өкілеттіктері
Тармақ 3
3. Кедейлікті жеңу және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі қалалық комиссия (бұдан былай комиссия) кедейлікпен күрес және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қолдау көрсету үшін кала өкімі жанында құрылған консультативтік-кеңестік орган болып табылады.
Тармақ 4
4. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды орындайды:
Тармақша 1
1) аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қордан азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету туралы өтініштерін қарайды;
Тармақша 2
2) көмек сұраған отбасының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын және қамтылу деңгейін зерттейді, соның негізінде тексеру актін жасайды.
Тармақ 5
5. Комиссия мыналарға:
Тармақша 1
1) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын әлеуметтік көмек көрсету туралы ұсынысты қала әкімінің қарауына енгізуге;
Тармақша 2
2) комиссияға жүктелген мәселелерді орындау үшін қажетті болған қосымша мәліметтер, құжаттар және материалдар сұрауға қүқылы.
Тарау 3. 3. Комиссия жұмысын үйымдастыру
3. Комиссия жұмысын үйымдастыру
Тармақ 6
6. Комиссияның отырыстары кемінде айына бір рет, сондай-ақ қажеттілігіне қарай өткізіледі.
Тармақ 7
7. Комиссия отырысын төрағасы немесе оның тапсырысы бойынша орынбасары өткізеді. Комиссия құрамындағы мүшелерінің кемінде үштен екі бөлігі болғанда ғана қүқылы.
Тармақ 8
8. Комиссия қабылдаған шешімдер хаттамамен ресімделеді.
Тарау 4. 4. Комиссия құрамы
4. Комиссия құрамы 6. Комиссияның құрамына еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының, қала әкімі аппаратының, басқа да мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді.
Тармақ 7
7. Қала әкімі комиссияның жеке құрамын қалалық мәслихатқа бекітуге ұсынады.