Үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу ережесін бекіту туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 1991 жылғы 21 маусымдағы N 166 "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңдарына сәйкес Созақ аудандық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу ережесі бекітілсін. (қосымша).
Тармақ 2
2. Созақ аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі (Қ. Еспенбетов) осы қаулымен бекітілген ережеге сәйкес үйде тәрбиеленіп оқып жатқан мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындауды және төлеуді жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы облыстық Әділет департаментінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Еденбаеваға жүктелсін.
Басқа 5. Үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу Ережесі
Созақ аудандық әкімиятының 31 наурыз 2004 жылғы "Үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу ережесін бекіту туралы" N 97 қаулысымен бекітілген қосымша Үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу Ережесі Үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу ережесі (бұдан әрі-Ереже) үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу тәртібін анықтайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан мүгедек балаларға әлеуметтік көмек жәрдемақы ретінде беріледі.
Тармақ 2
2. Балаларға жәрдемақы отбасының кірісіне және басқа да әлеуметтік көмек алатынына қарамастан жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен ақшалай түрде орта мектептегі оқу жылы аяқталғанша төленеді.
Тармақ 3
3. Үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан мүгедек балалардың әлеуметтік көмек алу құқығы бір рет оқу жылындағы тиісті құжаттарды өткізумен анықталады.
Тарау 2. 2. Үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
2. Үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
Тармақ 1
1. Үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындау ата-аналардың біреуінің немесе оларды алмастырушы тұлғаның арнайы үлгіде толтырылған өтініші (Ережеге 1 қосымша) бойынша Созақ аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде (бұдан әрі-уәкілетті орган) құрылатын комиссияның арнайы нысандағы шешімі (Ережеге 2 қосымша) негізінде тағайындалады.
Тармақ 2
2. Комиссияны уәкілетті органның басшысы құрады. Комиссия төрағадан және комиссия мүшелерінен тұрады. Уәкілетті органның басшысы комиссияның төрағасы болып табылады.
Тармақ 3
3. Тұлғаның өтінішіне облыстық білім департаментінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогтық кеңес беру комиссиясы берген мүгедек баланы үйде оқыту қажеттігі туралы анықтама, бала жасынан мүгедек баланы үйде оқыту жөніндегі аудандық білім бөлімінің бұйрығы мен мектептен анықтама, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі және тұрғылықты жерінің берілген анықтама, өтініш берушінің жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмерінің (бұдан әрі-СТТН) және жеке әлеуметтік кодының (бұдан әрі-ЖӘК) көшірмесі тіркеледі.
Тармақ 4
4. Ұсынылған құжаттардың толықтылығы мен нақтылығына өтініш беруші заңда көрсетілген негіздер бойынша жауап береді.
Тармақ 5
5. Комиссия құжаттарды тіркейді және өтініш берушіге құжаттарды тіркегені туралы түбіршек береді.
Тармақ 6
6. Комиссия құжаттарды қабылдағаннан кейін 10 күн ішінде үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан мүгедек балаға әлеуметтік көмектің тағайындалғаны немесе тағайындаудан бас тартқаны туралы шешімін шығарып, бас тартылған жағдайда оның себебі көрсетілген жазбаша ескерту береді. Үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындау немесе бас тарту туралы туралы шешімге комиссия төрағасы және тағайындаған маман қол қояды.
Тармақ 7
7. Комиссия шешіміне сот тәртібімен шағымдануға болады.
Тармақ 8
8. Үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындау табысына қарамастан, жылдың басынан, оны алу үшін өтініш берген айдың оқу жылы аяқталғанша жүзеге асырылады. Әлеуметтік көмек арыз берген айдан бастап саналады.
Тармақ 9
9. Үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан мүгедек балаларға әлеуметтік көмектің айлық мөлшері зейнетақы, жәрдемақы және басқада әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін тиісті жылдың бюджетінде бекітілген айлық есептік көрсеткіштің сомасы мөлшерінде бекітіледі.
Тармақ 10
10. Жәрдемақы тағайындау мен төлеу оны тоқтатылған себепке байланысты туындаған тоқсаннан бастап тоқтатылады.
Тарау 3. 3. Үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан мүгедек балаларға әлеуметтік көмек төлеу тәртібі
3. Үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан мүгедек балаларға әлеуметтік көмек төлеу тәртібі
Тармақ 1
1. Үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан мүгедек балаларға әлеуметтік көмек төлеу өтініш берушінің таңдауы бойынша халықтық банктің филиалы арқылы не өзі таңдаған банктегі немесе Қазақстан Республикасының ұлттық банкісінің банкілік операциялардың тиісті түрлерін орындауға лицензиясы бар ұйымдағы бет есептің реквизиттері көрсетілген өтініші негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Алушының бет есебі тағайындалған сомаларды аудару қаржының түсуіне байланысты жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган комиссия шешімінің негізінде тағайындалған әлеуметтік көмектің сомалары көрсетілген тізімді жасайды. Аудандық қаржы бөліміне ай сайын сұранымды тапсырады. Аудандық қаржы бөлімі аталған қаражаттарды уәкілетті органның арнаулы есебіне аударады, өз кезегінде уәкілетті орган көмек алушының екінші деңгейдегі банк бөлімшесінің немесе Қазақстан Республикасының ұлттық банкісінің банкілік операциялардың тиісті түрлерін орындауға лицензиясы бар ұйымдағы жеке бет есебіне аударады.
Тарау 4. 4. Үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан мүгедек балаларға берілетін әлеуметтік көмекті қаржыландыру көздері
4. Үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан мүгедек балаларға берілетін әлеуметтік көмекті қаржыландыру көздері Төлемді қаржыландыру аудандық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу ережесіне 1 қосымша ------------------------------------ (тұрғылықты жері, облыстық аудандық) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі уәкілетті органға ------------------------------------ (көшесі, үй және телефоны, мекен жайы бойынша тұратын) -------------------------------------- (өтініш иесінің аты, әкесінің аты, тегі) Жеке куәлігінің----------------------- --------------------------------берген берген күні -------------------------- Менің үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан-------------------- мүгедек балама әлеуметтік көмек тағайындауын сұранамын. Өтінішке белгіленген қажетті құжаттарды ұсынамын. Өзгеріс пайда болған жағдайда олар туралы қғ күн ішінде хабарлауға міндеттімін. Жалған ақпарат және расталмаған (жасанды) құжаттарды ұсынғаны үшін жауапқа тартылатыным туралы ескертілдім. 200___ж. "_____" ____________ __________________________ /өтініш иесінің қолы/ Құжаттар қабылданды 200___ж. "_____" ____________  _____________________________________              /құжаттарды қабылданған адамның қолы А.ә.Т. және қолы/ Отбасының тіркеу нөмірі ____________________________________________________________________ (қию сызығы) Өзгеріс пайда болған жағдайда олар туралы үш күн ішінде хабарлауға міндеттімін. Жалған ақпарат және расталмаған (жасанды) құжаттарды ұсынғаны үшін жауапқа тартылатыным туралы ескертілдім. өтініш иесінің қолы _______________________ Тіркеу нөмірі ________ өтініш 200_____ жылғы "_____"_______________ қабылданды. Құжаттарды қабылданған адамның А.Ә.Т., лауазымы, қолы______________
Басқа 26
Үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу ережесіне 2 қосымша Уәкілетті орган шешімінің нысаны Созақ аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі __________________________________ мекен жайы бойынша тұратын өтініш иесі _______________________ 200____ жылғы___тіркеу N________ тапсырған құжаттарын 200____ жылғы ___________ қарап. N_______________ ШЕШІМ қабылдады. 1. Үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан _______________ мүгедек балаға жалпы сомасы _____________ теңге әлеуметтік көмек тағайындалсын. __________________________ үшін _____________________________ теңге (ай) __________________________ үшін _____________________________ теңге (ай) __________________________ үшін _____________________________ теңге (ай) __________________________ үшін _____________________________ теңге (ай) __________________________ үшін _____________________________ теңге (ай) __________________________ үшін _____________________________ теңге (ай) __________________________ үшін _____________________________ теңге (ай) __________________________ үшін _____________________________ теңге (ай) __________________________ үшін _____________________________ теңге (ай) 2. Үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан________________________________ Мүгедек балаға______________________________________________________ ____________________________________________________________________ себептер бойынша әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылсын. Меңгеруші  _________________              _______________________                (қолы)                         (аты-жөні, тегі) Тағайындаған маман _________________      _______________________                         (қолы)                (аты-жөні, тегі)