Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 15-12/68 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округі Докучаев ауылының «Атамекен-Агро-Тимирязево» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығы кешенінің аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.