Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Созақ аудандық аумақтық инспекция басшысының 2024 жылғы 12 сәуірдегі №08-02-07/93 ұсынысы негізінде, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, С.Еспенбетов көшесі №5 тұрғын үйдің аумағында бір бас мысықтың басынан құтыру ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.