О мерах по предотвращению чрезвычайных ситуаций на территории области Күшін жойған
Басқа 0
Облыс аумағында төтенше жағдайларды алдын алу жөнiндегi шаралар туралы
"Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегi N 19 Заңына сәйкес және "Республика аумағында төтенше оқиғалардың алдын алу жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 19 наурыздағы N 451 өкiмiн орындау үшiн, Оңтүстiк Қазақстан облысының аумағында төтенше жағдайлардың туындауын алдын алу және халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында:
Тармақ 1
1. Қала және аудан әкiмдерi:
Тармақша 1
1) су қоймалары мен каналдардағы жағдайды талдау, олардағы судың қауiпсiз деңгейiн ұстап түру, гидротехникалық құрылыстардың орнықтылығын арттыру үшiн қысқа мерзiм iшiнде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi комиссия мәжiлiстерiн өткiзсiн;
Тармақша 2
2) су басу және су тасқынынан тұрғындарды, шаруашылық нысандарын, коммуникация желiлерiн және ауыл шаруашылығы алқаптарын сенiмдi қорғауды қамтамасыз ету үшiн, су тасқынына қарсы және жағалауларды бекiту жұмыстарын дер кезiнде жүргiзу жөнiнде кешендi шаралар жүргiзсiн;
Тармақша 3
3) су тасқынының қаупi туралы тұрғындарға хабарлау схемасын, тұрғындарды, ұйымдарды көшiру бағыттары мен авариялық-құтқару жұмыстарына және стихиялық апаттардың зардаптарын жоюға тартылатын көлiк құралдарын анықтасын;
Тармақша 4
4) Оңтүстiк Қазақстан облысының гидрометеорология жөнiндегi орталығымен (Н.Айтбаев - келiсiмi бойынша) және "Қазселденқорғау" ПБ ОҚОФ-мен (Қ.Байтiлеу - келiсiмi бойынша) бiрлесiп, көшкiн, сел және тасқын болуы ықтимал аймақтардағы әлсiз учаскелерi мен елдi мекендердi анықтасын, уақтылы төтенше жағдайлардың алдын алу кешендi iс-шараларын әзiрлеп, толық көлемде тиiстi профилактикалық iс-шараларды жүзеге асырсын;
Тармақша 5
5) қар көшкiнi, сел және жер көшкiнi туындауына байланысты, төтенше жағдайларда өзiн ұстау және әрекет ету ережесi туралы тұрғындарды үнемi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландырсын.
Тармақ 2
2. Оңтүстiк Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасы (У.М.Ережепов - келiсiмi бойынша), "Қазселденқорғау" ПБ ОҚОФ (Қ.Байтiлеу - келiсiмi бойынша):
Тармақша 1
1) сел жағдайы мен селден қорғау бөгеттерiнiң жай-күйiне бақылауды күшейтсiн;
Тармақша 2
2) аса қысқа мерзiмде облыс аумағында қар көшкiнi, сел және жер көшкiнi туындауы ықтимал қауiптi учаскелерге зерттеу жұмыстарын жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. "Оңтүстiк су шаруашылығы" РМК (Қ.Полатов - келiсiмi бойынша), "Оңтүстiк су шаруашылығы" МКК (З.Салықбай), "Шардара ГЭС" ААҚ (Қ.Ержан - келiсiмi бойынша);
Тармақша 1
1) баланстарында тұрған су қоймаларының, каналдар мен гидроқұрылыстардың техникалық жағдайларын зерттесiн;
Тармақша 2
2) су қоймаларындағы су деңгейiн реттеу және одан арғы олардағы судың қауiпсiз деңгейiн ұстап түру, гидротехникалық құрылыстардың орнықтылығын арттыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
Тармақ 4
4. Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша сәулеттiк-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық басқармасы (Є.Садырбаев - келiсiмi бойынша), Оңтүстiк Қазақстан облысының сәулет және аумақтарда құрылыс салу басқармасы (Б.Әшiрбаев), Оңтүстiк Қазақстан облысының құрылыс және көркейту басқармасы (Б.Ахметов) Оңтүстiк Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасымен (У.Ережепов - келiсiмi бойынша), қала және аудан әкiмдерiмен бiрлесе отырып;
Тармақша 1
1) ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу сапасына, оларды пайдаланудың белгiленген ережелерiнiң сақталуына бақылауды қатайтсын;
Тармақша 2
2) 2004 жылғы 20 маусымға дейiн мектептердiң, ауруханалардың, бала-бақшалардың, мәдениет үйлерiнiң, кинотеатрлар мен адамдар жаппай жиналатын басқа да объектiлердiң, көп қабатты тұрғын үйлердiң апатсыз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында олардың техникалық жай-күйiне тексеру жүргiзсiн;
Тармақша 3
3) көп мөлшердегi адамдарға қызмет көрсету үшiн арналып салынып жатқан қоғамдық объектiлер мен әкiмшiлiк ғимараттардың құрылыс-монтаж жұмыстарының өндiрiс сапасына мақсатты тексерулер жүргiзсiн;
Тармақша 4
4) ұлттық саябақтардың қорықтар мен қорықшалардың, су қорғау аймақтарының аумақтарында көшкiн қаупi бар учаскелерде, туризм инфрақұрылымын дамыту мақсатындағы құрылыстарды қоспағанда, қандай да бiр объектiлер тұрғызуға тыйым салсын;
Тармақша 5
5) жер бөлiп беру мен құрылыстардың заңдылығын анықтау үшiн 2004 жылғы 20 маусымға дейiн осы жоғарыда аталған учаскелерде тұрғызылған объектiлерге тексеру жүргiзсiн.
Тармақ 5
5. Атқарылған жұмыстар туралы ақпарат облыс әкiмiне ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары К.Төлебаевқа жүктелсiн.