О бюджетной комиссии области Күшін жойған
Басқа 0
Облыстық бюджет комиссиясы туралы
"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімияты қаулы етеді :
Тармақ 1
1. Облыстық бюджет комиссиясы құрылсын (1-қосымша).
Тармақ 2
2. Облыстық бюджет комиссиясы туралы ереже бекітілсін (2-қосымша).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Н. Бурлаченкоға жүктелсін.
Орман Анарбек Оңғарұлы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының бюджет
және экономикалық даму мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссиясының төрағасы
Исаева Роза Әбдірқызы
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитеті
төрағасының орынбасары
Басқа 4. Комиссия мүшелері:
Облыс әкімиятының
2004 жылғы 16 сәуірдегі N 207
"Облыстық бюджет комиссиясы туралы"
қаулысына 1-қосымша
Облыстық бюджет комиссиясының құрамы
Бурлаченко Светлана - Оңтүстік Қазақстан облысы
Николаевна әкімінің орынбасары, комиссия
төрайымы;
Назарбекова Роза Төлепбекқызы - Оңтүстік Қазақстан облысы
экономика және бюджеттік
жоспарлау департамент директоры,
комиссия төрайымының орынбасары;
Рысбаев Бақытжан Исамудинұлы - Оңтүстік Қазақстан облысы
экономика және бюджеттік
жоспарлау департаментінің
бюджеттік саясат және жоспарлау
бөлімінің бастығы, комиссия
хатшысы;
Комиссия мүшелері:
Дүйсембиев Күмісбек Боранбекұлы - Оңтүстік Қазақстан облысы
экономика және бюджеттік
жоспарлау департамент
директорының орынбасары;
Мәуленқұлов Жеңісбек Мәуленқұлұлы - Оңтүстік Қазақстан облысы
жұмыспен қамту мен әлеуметтік
бағдарламаларды үлестіру
департаментінің директоры;
Шалабаев Исмайылбек Ибырайұлы - Оңтүстік Қазақстан облысы
қаржы департаментінің директоры;
Тасмағамбетова Нұрсұлу Нұрғалиқызы - Оңтүстік Қазақстан облысы
денсаулық сақтау департаментінің
директоры;
Сарманов Ерхали Сатыбалдыұлы - Оңтүстік Қазақстан облысы білім
департаменті директорының
міндетін атқарушысы;
Орман Анарбек Оңғарұлы - Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының бюджет және
экономикалық даму мәселелері
жөніндегі тұрақты комиссиясының
төрағасы (келісімі бойынша);
Исаева Роза Әбдірқызы - Оңтүстік Қазақстан облысы
бойынша салық комитеті
төрағасының орынбасары (келісімі
бойынша).
Басқа 5
Облыс әкімиятының
2004 жылғы 16 сәуірдегі N 207
"Облыстық бюджет комиссиясы туралы"
қаулысына 2-қосымша
Облыстық бюджет комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже тұрақты негізде жұмыс істейтін облыстық бюджет комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) қызметін реттейді.
Тармақ 2
2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңнамасы және өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
Тарау 2. 2. Комиссияның мақсаты
2. Комиссияның мақсаты
Тармақ 3
3. Комиссия қызметінің негізгі мақсаты тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің жобасын уақытылы және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету облыстық бюджетті нақтылау және атқару жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау болып табылады.
Тарау 3. 3. Комиссияның міндеттері мен функциялары
3. Комиссияның міндеттері мен функциялары
Тармақ 4
4. Комиссияның негізгі міндеттері:
облыстың орта мерзімді кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарының негізінде үш жылдық кезеңге арналған облыс және облыстық бюджеттердің негізгі болжамды көрсеткіштерін айқындау;
тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің жобасын қарау және айқындау;
алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыс және облыстық бюджеттердің негізгі болжамды көрсеткіштерінің, тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет жобасының, өңірлік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың сәйкестігін айқындау;
тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;
облыстық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру барысының мониторингі нәтижелерін қарау және олар бойынша ұсыныстар тұжырымдау болып табылады.
Тармақ 5
5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және:
алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыс бюджетінің болжамды көрсеткіштерін;
алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджеттің болжамды көрсеткіштерін;
облыстық бюджетке түсетін түсімдерді;
облыстық бюджеттің тапшылығын (профицитін);
тиісті қаржы жылының соңындағы облыс әкімиятының борыш лимитін;
облыстық бюджеттен аудандар мен қалалар бюджеттеріне берілетін субвенцияларды;
облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бөлінісінде, соның ішінде ағымдағы жылы іске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша шығыстардың лимитін;
облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің облыстық бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жай-күй бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегін жоспарланған қаржы жылында өтеу көлемін;
"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген басқа көрсеткіштерді айқындайды;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган-облыс қаржы департаменті енгізген:
ағымдағы жылы іске асырылатын жобаларды, соның ішінде аудандар мен қалаларда іске асырылатын жобаларды ескере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобалардың тізбесі мен оларды облыстық бюджеттен қаржыландыру көлемін қарайды және айқындайды;
Тармақша 3
3) аудандық және қалалық бюджеттердің болжамды көрсеткіштері бойынша Комиссияның жұмыс органы мен аудандардың және қалалардың әкімияттары арасындағы келіспеушіліктерді қарайды және оларды реттеу жөнінде шешім шығарады;
Тармақша 4
4) облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері бойынша Комиссия жұмыс органының қорытындысын қарайды және ол бойынша шешім шығарады;
Тармақша 5
5) алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің жобасын қарайды және айқындайды;
Тармақша 6
6)облыстың өңірлік бағдарламаларының және салалық (секторалдық) бағдарламаларының жобаларын қарайды және қаржыландыру көздері мен мерзімдері бөлінісінде бағдарламалық іс-шараларды қаржыландыру көлемі бойынша қорытынды береді, сондай-ақ бұрын бекітілген өңірлік бағдарламаларды, салалық (секторалдық) бағдарламаларды өзгерту қажеттілігі туралы қорытынды береді;
Тармақша 7
7) мыналар:
тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетті нақтылау;
бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын нақтылау және бюджеттік бағдарламаларды одан әрі іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қарайды және тұжырымдайды;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Комиссияның құқықтары
4. Комиссияның құқықтары
Тармақ 6
6. Комиссия өзінің міндеттеріне сәйкес:
Тармақша 1
1) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, аудандар мен қалалар әкімияттарымен және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға, сондай-ақ Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін мамандарды және сарапшыларды жұмысқа тартуға;
Тармақша 2
2) оның құзыретіне енетін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға және ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және оларды алуға;
Тармақша 4
4) Комиссияның міндеттерін іске асыруға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшыларын, ал олар болмаған кезде - жетекшілік ететін басшысының орынбасарларын Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға құқығы бар.
Тарау 5. 5. Комиссияны қалыптастыру және оның қызметінің тәртібі
5. Комиссияны қалыптастыру және оның қызметінің тәртібі
Тармақ 7
7. Комиссияның құрамын облыс әкімияты айқындайды.
Тармақ 8
8. Комиссияның органдары:
Тармақша 1
1) Комиссияның жұмыс органы;
Тармақша 2
2) Комиссияның төрағасы;
Тармақша 3
3) Комиссия төрағасының орынбасары;
Тармақша 4
4) Комиссияның хатшысы.
Тармақ 9
9. Комиссия отырыстары аралығындағы кезеңде оның қызметінің ұйымдық мәселелерін Комиссияның жұмыс органы шешеді.
Тармақ 10
10. Комиссияның төрағасы оның қызметін басқарады, Комиссияның отырыстарына төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін жауап береді. Комиссияның төрағасы болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.
Тармақ 11
11. Комиссияның хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі жөнінде ұсыныстар, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және оны өткізгеннен кейін хаттамаларды ресімдейді.
Тармақ 12
12. Жұмыстың жоспар-кестесін Комиссия белгілейді. Облыстық бюджеттің жобасын әзірлеу кезеңінде Комиссия жұмысының жоспар-кестесін Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережесінде айқындалған мерзімдерге сәйкес белгіленеді.
Тармақ 13
13. Комиссия мүшелерінің отырыстарға қатысу жөніндегі өздерінің өкілеттіктерін басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
Тармақ 14
14. Комиссияның шешімдері ашық дауыспен, сондай-ақ комиссия мүшелеріне сауал қою жолымен қабылданады және егер олар үшін Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі жақтап дауыс берсе, қабылданған болып саналады. Комиссия мүшелері шешімдер қабылдау кезінде тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссияның төрағасы жақтап дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
Тармақ 15
15. Комиссия отырыстарының күн тәртібі мәселелерін қараудың нәтижелері әрбір мәселе бойынша дауыс берудің қорытындысы көрсетіле отырып, тиісті хаттамаларға енгізіледі және төраға айқындайтын жағдайларда Комиссияның отырысқа қатысқан мүшелері қол қояды. Комиссияның қабылданған шешімі төраға мен хатшы қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Комиссияның мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда отырыстың хаттамасына қоса берілетін өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде білдіруге құқығы бар.
Тармақ 16
16. Комиссияның өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында қабылданған шешімдері барлық мемлекеттік органдардың міндетті түрде қарауына және көрсетілген мерзімде орындауына жатады.
Тармақ 17
17. Комиссияның жұмыс органының функциялары Оңтүстік Қазақстан облысы қаржы департаментіне жүктеледі.
Тармақ 18
18. Комиссия айқындайтын мерзімге және күн тәртібіне сәйкес Комиссияның отырыстарына материалдар дайындау, оларды Комиссияның мүшелеріне, облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне және аудандар мен қалалар әкімияттарына тарату, Комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындау, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерден және осы Ережеден туындайтын басқа да функциялар жұмыс органдарының функциялары болып табылады.
Тарау 6. 6. Комиссияның қызметін тоқтату
6. Комиссияның қызметін тоқтату
Тармақ 19
19. Комиссияның қызметін тоқтатуға облыс әкімиятының Комиссияның қызметін тоқтату туралы шешім қабылдауы негіз болады.
Тармақ 20
20. Осы Ереженің 19-тармағында көрсетілген, Комиссияның қызметін тоқтатуға әкеп соғатын жағдайлар туындаған кезде облыс әкіміне және әкімиятына жасалған жұмыс туралы есеп-хат жіберіледі.