Об оказании социальной помощи Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік көмек көрсету туралы "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар 1995 жылғы 28-сәуірдегі N 2247 Жарлығының 20-бабына сәйкес және халықтың әлеуметтік жәбірленген топтарын әлеуметтік қорғау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұсынылып отырған Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережелері бекітілсін (бұдан әрі Ережелер).
Тармақ 2
2. Облыстық бюджет қаражаттарының есебінен берілетін әлеуметтік көмектің мынадай түрлері белгіленсін:
Тармақша 1
1)  мүгедектер мен соғысқа қатысқандарды, қаза болған әскери қызметкерлердің отбасыларын, азаматтардың аз қамтамасыз етілген санаттары есебінен тыл еңбеккерлері мен ардагерлер активін мезгілдік баспасөздің облыстық басылуларына ("Дидар", "Рудный Алтай") жеңілдікпен жазу;
Тармақша 2
2) Жеңіс күнін, Егде адамдардың күнін, Мүгедектер күнін мерекелеуге байланысты азаматтардың жеке санаттарына Ережелерге сәйкес материалдық көмек.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек көрсету және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып Шығыс Қазақстан облысының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы белгіленсін.
Тармақ 4
4. Қалалар және аудандар әкімдері халықты әлеуметтік қорғау бөлімдеріне Шығыс Қазақстан облысының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына тізімдерді әзірлеу мен ұсынуға тапсырма берсін.
Тармақ 5
5. Шығыс Қазақстан облысының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (А.С. Шерубаев) және Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы (А.А.Құрманғалиев) Ережелерге сәйкес 258 15 00 332 "Жергілікті уәкілетті органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер" бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмектің уақытында тағайындалуы мен төленуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары В.Н.Сухоруковаға жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы 2004 жылғы 1-қаңтардан іске енгізіледі.
Басқа 10. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету
Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 21 cәуірдегі N 434 қаулысына қосымша Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелері Осы Ережелер Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Әлеуметтік көмекті алуға Шығыс Қазақстан облысының аумағында үнемі тұратын азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқығы бар.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігінің кеңесі ұсынған және қалалық, аудандық халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының бастықтары куәландырған тізімдер бойынша мүгедектер мен соғысқа қатысушыларға, қаза болған әскери қызметкерлердің отбасыларына, тыл еңбеккерлеріне, азаматтардың аз қамтамасыз етілген санаттары есебінен 1, 2-топтағы мүгедектерге, сондай-ақ ардагерлер активіне Егде адамдар күніне, Мүгедектер күніне және Жеңіс күніне біржолғы материалдық көмек көрсетілуде.
Тармақ 3
3. Мүгедектер мен соғысқа қатысқандарға, қаза болған әскери қызметкерлердің отбасыларына, азаматтардың аз қамтамасыз етілген санаттары есебінен тыл еңбеккерлеріне баспасөзге жеңілдікпен жазылу жүргізілуде.
Тармақ 2. 2. Әлеуметтік көмек тағайындаудың тәртібі
2. Әлеуметтік көмек тағайындаудың тәртібі
Тармақ 4
4. Егде адамдар күніне, Мүгедектер күніне, Жеңіс күніне  әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті болып табылатын құжаттар: Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер үшін осы санатты растайтын куәліктің көшірмесі; банк немесе "Казпочта" ашық акционерлік қоғамының бөлімдеріндегі жеке шоттардың нөмірлері көрсетілген СТН.
Тармақ 5
5. Мүгедектер мен соғысқа қатысқандарға, қаза болған әскери қызметкерлердің отбасыларына, азаматтардың аз қамтамасыз етілген санаттары есебінен тыл еңбеккерлеріне жеңілдікпен баспасөзге жазылу "Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігінің кеңесі ұсынған және қалалық, аудандық халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының бастықтары куәландырған тізімдер бойынша жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Біржолғы материалдық көмекті алуға үміттенген адам (бұдан әрі өтініш беруші) жазбаша өтініш беріп, аталған көмекті алу құқығын растайтын құжаттарды ұсынады. Учаскелік комиссия қажет болғанда отбасы жағдайының әлеуметтік-тұрмыстық зерттеу рәсімін жүргізеді, материалдық көмекті алу құқығы немесе бас тарту және мөлшері жөніндегі қорытынды шығарады. Құжаттар Шығыс Қазақстан облысының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына тапсырылады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек қажетті құжаттар бар болғанда өтініш берген күннен бастап 10-күн ағымында тағайындалады.
Тармақ 8
8. Сол немесе өзге құжаттар болмағанда әлеуметтік көмек беруден бас тартылады.
Тармақ 3. 3. Әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі
3. Әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмекті төлеу облыстық бюджет қаражаттарының есебінен өтініш берушілердің жеке шоттарына түседі.
Тармақ 10
10. Мезгілдік баспасөздерге төлемді халықты әлеуметтік қорғау органдары ұсынған тізімдер бойынша тікелей Шығыс Қазақстан облысының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы "Казпочта" ашық акционерлік қоғамының филиалдары арқылы жүргізеді. Шығыс Қазақстан облысының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы