О проведении учебно-полевых (лагерных) сборов с юношами допризывного и призывного возраста Күшін жойған
Басқа 0
Шақыру жасына дейінгі және шақыру жасындағы жас жігіттердің оқу-далалық (лагерлік) жиындарын өткізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бастапқы әскери даярлау туралы" N 1996 жылғы 1 қарашадағы N 1340 қаулысын орындау үшін және жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Орал қаласының және аудандардың әкімдері:
Тармақша 1
1) бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан оқу орындары мен оқу пункттерінде бастапқы әскери дайындықтан өткен жалпы білім беретін, кәсіптік-техникалық және арнаулы орта оқу орындарында жас жігіттердің оқу-далалық (лагерлік) жиындарын 2004 жылдың мамыр-маусымында ұйымдастырып өткізсін (оқу-далалық жиындар бағдарламасына сәйкес);
Тармақша 2
2) жиындарды өткізу үшін қорғаныс-спорт, сауықтыру лагерлерінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебінің және әскери бөлімшелерінің оқу-материалдық базасын пайдалансын, ал ол болмаған жағдайда оқу-далалық (лагерлік) жиындарын оқу орындары немесе оқу пункттері жанында "Шақырылушылар күні" әдісімен өткізсін;
Тармақша 3
3) оқу пункттері құрылсын және оларда оқу орындарында әскери даярлықтан өтпеген шақыру жасындағы жас жігіттерді қатыстыра отырып, 2004 жылғы мамырдан маусымға дейінгі кезеңде 10 күндік оқу-далалық жиындар ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Батыс Қазақстан облыстық әскери комиссариат:
Тармақша 1
1) аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарда қорғаныс-спорт сауықтыру лагерлерінің, оқу пункттерінің әкімшіліктерімен және жиындарды ұйымдастыру және өткізу мәселесі жөніндегі бастапқы әскери дайындық мұғалім - ұйымдастырушыларымен нұсқау-әдістемелік сабақтар өткізсін;
Тармақша 2
2) сабақ өткізу және ату құралдарын үйрету, сондай-ақ тактикалық және сапта жүру дайындығы дағдыларын үйрету кездерінде жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлсін;
Тармақша 3
3) мүдделі ұйымдардың өкілдерін қатыстыра отырып, оқу орындарында және оқу пункттерінде жастардың бастапқы әскери дайындық жағдайына оқу-әдістемелік басшылықты жүзеге асырсын;
Тармақша 4
4) жас жігіттердің оқу-далалық (лагерлік) жиындарын ойдағыдай ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсету мақсатында әскери-техникалық мектептермен және әскери бөлімдермен байланысты қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы:
Тармақша 1
1) оқу-далалық (лагерлік) жиындарын өткізу барысында орта мектептердің 10-сыныбы жас жігіттерінің және кәсіптік-техникалық мектептерді, лицейлерді және колледждерді бітірушілердің түгел қамтылуын қамтамасыз ететін болсын;
Тармақша 2
2) оқу-процесінің, әскери-патриоттық, мәдени-бұқаралық және спорт шараларының сапалы жүргізілуін ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқушылар санының айтарлықтай болуына байланысты оқу-далалық (лагерлік) жиындар өтетін жерлерде оқушылар арасында жұқпалы аурулардың таралуын, балалардың басқа да ауруларын болдырмау үшін дәрігерлік алдын алу шараларының жүргізілуін және дәрігер қызметкерлерінің ұдайы кезекшілігін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер басқармасы оқу-далалық (лагерлік) жиындар өткізілетін жерлерде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамсыз етсін.
Тармақ 6
6. Батыс Қазақстан облыстық әскери комиссар, Орал қаласының және аудандардың әкімдері, тиісті облыстық басқармалар басшылары 2004 жылдың 1 шілдесінде оқу-далалық (лагерлік) жиындардың өткізілу қорытындылары туралы ақпаратты тапсырсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. С. Иманғалиевке жүктелсін.