Об утверждении тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по городу Алматы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алматы қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Алматы қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 111 шешімімен бекітілген Алматы қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер № Атауы Бағасы, теңгемен (16% ставка бойынша ҚҚС-ты ескере отырып) 1 Айына абаттандырылған және абаттандырылмаған секторлардың 1 тұрғынына халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тариф 744,1* 2 1 текше метр тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тариф 3 832,5 Ескерту: Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтардың жекелеген санаттары үшін мынадай мөлшерде жеңілдіктер көзделген: 100% жеңілдік – Ұлы Отан соғысының қатысушыларына; 50% жеңілдік – Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендерге, I топтағы мүгедектігі бар адамдарға, көп балалы аналарға, оның ішінде балаларға, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, мүгедек балаларға, жетім балаларға; 25% жеңілдік – II топтағы мүгедек адамдарға және халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне. Жеңілдіктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беріледі және тиісті санатқа жататынын растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда тұтынушы өтініш берген күннен бастап есеп айырысу кезінде қолданылады.