Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес, Іле ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2024 жылғы 09 сәуірдегі кезектен тыс жедел отырысының №4 хаттамасы негізінде, аудан әкімдігі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы облысы Іле ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жою басшысы болып аудан әкімінің орынбасары А. Құрманғалиев тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің әрекеті 2024 жылдың 04 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.