Об установлении ограничительных мер на территории населенного пункта Тилектес и Карабастау сельского округа Жанабазар Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жаңабазар ауыл округі, Тілектес және Қарабастау елді мекендерінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекция басшысының 2024 жылғы 11 сәуірдегі № 02-05/119 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Жаңабазар ауылы округі, Тілектес елді мекені З.Бостанов көшесі № 120 үйдің төрт бас уақ малының бас миының және З.Бостанов көшесі № 45 үйдің бір бас жылқы малының бас миы сынамасы «құтыру» ауруына «оң» нәтиже көрсетуіне байланысты, Тілектес елді мекен аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Жаңабазар ауылы округі, Қарабастау елді мекені Р.Төленді көшесі № 134 үйдің тұрғыны Ж.Айтқұловтың бір бас ірі қара малының бас миы сынамасы «құтыру» ауруына «оң» нәтиже көрсетуіне байланысты, Қарабастау елді мекен аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.