Об утверждении Правил предоставления жилищных займов (промежуточных жилищных займов) жилищными строительными сберегательными банками Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінің тұрғын үй заемдарын (аралық тұрғын үй заемдарын) беру ережесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінің тұрғын үй заемдарын (аралық тұрғын үй заемдарын) беру ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне және тұрғын үй құрылыс жинақ банктеріне жіберсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5. Тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінің тұрғын үй заемдарын (аралық тұрғын үй заемдарын) беру ережесі
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін. Төраға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 81 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінің тұрғын үй заемдарын (аралық тұрғын үй заемдарын) беру ережесі Тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінің тұрғын үй заемдарын (аралық тұрғын үй заемдарын) беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңының  талаптарына сәйкес әзірленген және тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінің (бұдан әрі - банк) тұрғын үй заемдарын және аралық тұрғын үй заемдарын беру тәртібін реттейді.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) заем бойынша сыйақы - банкке тиесілі ақшаның жылдық мөлшері есебінен берілген тұрғын үй заемы (аралық тұрғын үй заемы) үшін негiзгi борышқа (заем сомасына) процентпен алғанда айқындалған ақы;
Тармақша 2
2) негізгі борыш (заем сомасы) - банктің банктік заем шартының талаптарына сәйкес кредитке берген ақша сомасы;
Тармақша 3
3) заемды өтеу - негізгі борышты (заем сомасын) және оған есептелген сыйақыны қайтару.
Тармақ 2
2. Банк тұрғын үй заемдарын (аралық тұрғын үй заемдарын) өзінің ішкі кредит саясатына және операцияларды жүргізудің жалпы шарттарына сәйкес береді.
Тармақ 3
3. Банк тұрғын үй заемдарын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы және банктік заем шарттарының талаптарына сәйкес береді.
Тармақ 4
4. Аралық тұрғын үй заемдары салымшы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартта айқындалған ең аз қажетті ақша сомасын жинақтаған жағдайда беріледі.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй заемы (аралық тұрғын үй заемы) тек тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында ғана беріледі. Тұрғын үй заемын (аралық тұрғын үй заемын) алған адам банкке тиісті құжаттарды (сатып алу-сату, айырбастау шарты, құрылыс жұмыстарының ақысын төлеу туралы түбіртек, өзге де растайтын құжаттар) ұсына отырып, тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартта және банктік заем шартында көзделген мерзімде оның мақсатқа сай пайдаланылатындығын растауға міндетті. Құжаттардың түпнұсқалары мен олардың көшірмелері ұсынылады. Түпнұсқалар олардың көшірмелерімен сәйкестігі салыстырылғаннан кейін қайтарылады. Банктің ішкі кредит саясаты тұрғын үй заемдарын (аралық тұрғын үй заемдарын) мақсатты пайдалану туралы құжаттардың тізбесіне қосымша талаптарды көздеуі мүмкін.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй заемдары (аралық тұрғын үй заемдары) теңгемен ғана беріліп, өтеледі.
Тармақ 7
7. Аралық тұрғын үй заемы тұрғын үй заемының мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй заемы бойынша сыйақы ставкасын банк пен тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасының салымшысы операцияларды жүргізудің бекітілген жалпы шарттарының шегінде тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт жасау сәтінде  айқындайды, ол тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасын жинақтау және тұрғын үй заемын пайдалану мерзімі ішінде өзгеріссіз қалады және әрбір заем алушы бойынша ол салымдар бойынша сыйақы ставкасынан жылдық үш проценттен артық болмауы тиіс.
Тармақ 9
9. Аралық тұрғын үй заемы бойынша сыйақы ставкасын банк өз бетінше есептейді және ол операцияларды жүргізудің тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт жасау сәтіндегі жалпы шарттарына сәйкес айқындалады және аралық тұрғын үй заемын пайдалану мерзімі ішінде ішкі кредит саясаты мен операцияларды жүргізудің жалпы шарттарына сәйкес өзгеруі мүмкін.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй заемын (аралық тұрғын үй заемын) алу үшін салымшы банкке заемның мақсатты пайдаланылуы, заем сомасы, өтеу мерзімі және заем бойынша қамтамасыз ету көрсетілген жазбаша өтініш береді.
Тармақ 11
11. Аралық тұрғын үй заемы жинақталған ең төменгі қажетті ақша сомасы, заемшының төлем қабілетін (кірісін) бағалау, сондай-ақ ол бойынша ұсынылған қамтамасыз ету негізінде айқындалады.
Тармақ 12
12. Банк заем алушының төлем қабілетінің есебіне, оның негізгі жұмыс орнынан алатын кірісіне қосымша мынадай кірістердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) заем алушының Қазақстан Республикасының заңдары рұқсат еткен өзге қызметінен алатын кірістері;
Тармақша 2
2) заем алушының зайыбының (жұбайының) бір жұмыс орнынан алатын кірісі.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй заемын беру кезінде банктік заем шартын ресімдегені үшін комиссия алынбайды, ал аралық тұрғын үй заемын беру кезінде банктік заем шартын ресімдегені үшін комиссия алу тәртібін банктің ішкі кредит саясаты және операцияларды жүргізудің жалпы шарттары айқындайды.
Тармақ 14
14. Кепілді ресімдеумен байланысты барлық шығыстарды, егер тараптардың келісімімен өзгелей көзделмеген жағдайда, заем алушы төлейді.
Тармақ 15
15. Тұрғын үй заемы (аралық тұрғын үй заемы) заемды пайдаланғаны үшін сыйақы бір мезгілде төлене отырып, төлемдер кестесі бойынша өтеледі.
Тармақ 16
16. Тұрғын үй заемы алынған кезде аралық тұрғын үй заемы бойынша берешегі болған жағдайда тұрғын үй заемын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасының салымшысы бұл берешекті өтейді. Аралық тұрғын үй заемы бойынша берешекті өтеу үшін тұрғын үй заемы пайдаланылуы мүмкін.
Тарау 2. 2-тарау. Тұрғын үй заемдарын беру тәртібі
2-тарау. Тұрғын үй заемдарын беру тәртібі
Тармақ 17
17. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы салымшыларына тұрғын үй заемы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы және банктік заем шарттарының талаптарымен, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес  шарттық сома  мен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы сомасының айырмасы мөлшерінде беріледі. Мұндайда, төлем жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасының салымшысына толық көлемде төленеді.
Тармақ 18
18. Тұрғын үй заемдары тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасының салымшыларына осы Ереженің 5-тарауында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынған және мынадай шарттарды сақтаған жағдайда беріледі:
Тармақша 1
1) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартта айқындалған қажетті соманы жинақтаған жағдайда;
Тармақша 2
2) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартта айқындалған жинақтау мерзімі аяқталған жағдайда;
Тармақша 3
3) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бағалау көрсеткішін айқындау жөніндегі нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес есептелетін бағалау көрсеткішінің негізінде айқындалатын төлем кезегі келген жағдайда;
Тармақша 4
4) салымшы қажетті қамтамасыз етуді ұсынған жағдайда.
Тарау 3. 3-тарау. Аралық тұрғын үй заемдарын беру тәртібі
3-тарау. Аралық тұрғын үй заемдарын беру тәртібі
Тармақ 19
19. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы салымшыларына аралық тұрғын үй заемы банктік заем шарттарының талаптарымен, Қазақстан Республикасының  заңдарына  және осы Ережеге сәйкес тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша шарттық сома шегінде беріледі. Мұндайда, тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартта айқындалған жинақ ақшаны жинақтау мерзімі аяқталғанға дейін төленбейді.
Тарау 4. 4-тарау. Тұрғын үй заемын (аралық тұрғын үй заемын) қамтамасыз ету
4-тарау. Тұрғын үй заемын (аралық тұрғын үй заемын) қамтамасыз ету
Тармақ 20
20. Тұрғын үй заемы (аралық тұрғын үй заемы) Қазақстан Республикасының  заңдарына  және банктің ішкі кредит саясатына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Тармақ 21
21. Тұрғын үй заемын (аралық тұрғын үй заемын) алу үшін берілген жылжымайтын мүлікті заем алушы сақтандыру компанияларында сақтандыруы тиіс.
Тармақ 22
22. Тұрғын үй заемы (аралық тұрғын үй заемы) жарғылық және меншік капиталдарының ең аз мөлшерін қоса алғанда, пруденциалдық нормативтерді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген өзге де сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді орындайтын сақтандыру ұйымымен жасалған сақтандыру шартымен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Тармақ 23
23. Тұрғын үй заемының (аралық тұрғын үй заемының) ұсынылған қамтамасыз етуінің құны сыйақыны, банктің кепіл затты сатумен байланысты шығыстарын және банктің заем алушыдан берешекті өтеп алумен байланысты басқа да шығыстарын есепке алғанда заем алушының берешек сомасын толық көлемде өтеуі тиіс және банктің ішкі кредит саясатына сәйкес айқындалады.
Тарау 5. 5-тарау. Заем алушы тұрғын үй заемын (аралық тұрғын үй заемын) алу үшін банктік заем шартын ресімдеу кезінде ұсынатын құжаттардың тізбесі
5-тарау. Заем алушы тұрғын үй заемын (аралық тұрғын үй заемын) алу үшін банктік заем шартын ресімдеу кезінде ұсынатын құжаттардың тізбесі
Тармақ 24
24. Банктік заем шартын ресімдеу үшін заем алушы банкке мынадай құжаттар ұсынады:
Тармақша 1
1) заем алушының өтініші;
Тармақша 2
2) заем алушының жеке басын куәландыратын құжаттар;
Тармақша 3
3) заем алушыны салық төлеуші ретінде есепке алу туралы куәлік (салық төлеушінің тіркеу номері);
Тармақша 4
4) заем алушының отбасының құрамы туралы анықтама;
Тармақша 5
5) заем алушымен бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар, отбасының барлық кәмелеттік жасқа толмаған мүшелерінің туу туралы куәліктері;
Тармақша 6
6) неке қию туралы куәлік, неке келісім-шарты (болған жағдайда);
Тармақша 7
7) банктік заем шарты бойынша қамтамасыз етуді растайтын құжаттар;
Тармақша 8
8) кепілге және кепіл затының сотпен (соттан тыс) сатылуына зайыбының (жұбайының) және отбасының басқа да кәмелеттік жасқа толмаған мүшелерінің, сондай-ақ отбасының кәмелеттік жасқа толмаған мүшелерінің атынан асырап алу және қамқорға алу органдарының (Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда) нотариат куәландырған келісімі;
Тармақша 9
9) заем алушының төлем қабілетін растайтын құжаттар (тұрғын үй заемын (аралық тұрғын үй заемын) алуға өтініш беру сәтіне дейінгі кірістері туралы анықтама, тұрғын үй заемын (аралық тұрғын үй заемын) алуға өтініш беру сәтіне дейінгі зейнетақы қорынан жинақ ақшасы туралы көшірме, жұмыс орнынан анықтама, басқа да құжаттар).
Тармақ 25
25. Заем алушы банктің ішкі кредит саясатына сәйкес айқындалған құндағы, бірақ сыйақыны және банктік заем шартын ресімдеумен және кепіл затының сотпен (соттан тыс) сатылуымен байланысты басқа да шығыстарын қосқанда тұрғын үй заемы бойынша берешектің екі есе мөлшерден кем емес кепілдік қамтамасыз етуді ұсынған жағдайда осы Ереженің 27-тармағының 9)-тармақшасында көрсетілген құжаттар тұрғын үй заемын беру кезінде ұсынылмайды. Бұл нысан аралық тұрғын үй заемын беруде қолданылмайды.
Тармақ 26
26. Банктің ішкі кредит саясаты банктік заем шартын ресімдеуге қажетті құжаттардың пакетіне қосымша талаптар белгілеуі мүмкін.
Тарау 6. 6-тарау. Қорытынды ережелер
6-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 27
27. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.