Байзақ ауданы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланғанда қолданылатын Ережені бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Байзақ ауданы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдай жарияланғанда қолданылатын Ережені бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
Қазақстан Республикасы заңының 6-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 362, 363-баптарының және
аудан әкімінің 2004 жылғы 24 наурыздағы № 352 ұсыныс хатының негізінде
аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Байзақ ауданы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдай жарияланғанда қолданылатын Ереже бекітілсін. (Қоса беріледі)
Тармақ 2
2. Аудан әкімі аппаратына, ауылдық округ әкімдеріне, меншік түріне
қарамай мекемелер мен ұйымдарға осы ережелердің сақталуын қамтамасыз ету
тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың тиісті
тұрақты комиссиясына (Ш.Мырзалиев) жүктелсін.
Басқа 4. Байзақ ауданы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдай жарияланғанда қолданылатын ЕРЕЖЕ
Аудандық Мәслихаттың 2004 жылғы
30 наурыздағы кезектен тыс
ІV-сессиясының "Байзақ ауданы
аумағында табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдай
жарияланғанда қолданылатын
Ережені бекіту туралы"
№ 4-4 шешімімен бекітілген
Байзақ ауданы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдай жарияланғанда қолданылатын ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы" Кодексінің негізінде және Қазақстан Республикасының "Табиғи және
техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңына сәйкес әзірленді.
Тармақ 1
1. Байзақ ауданы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдай жарияланғанда және оның күшінде болуы кезінде:
Тармақша 1
1) қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және
стратегиялық объектілердің, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету нысандарының
күзетілуі күшейтіледі;
Тармақша 2
2) азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттары, олардың
жанындағы заттары, көлік құралдары тексеріледі және жеке басын тексеру
жүргізіледі;
Тармақша 3
3) төтенше жағдай енгізілген жерге келу және ол жерден кету шектеледі;
Тармақша 4
4) көлік құралдарының қозғалысы шектеледі және тексеріледі;
Тармақша 5
5) азық-түлік пен бірінші кезекте қажетті заттарды сатудың, сатып
алудың және бөлудің ерекше тәртібі орнатылады;
Тармақша 6
6) төтенше жағдайға байланысты материалдық және мәдени
құндылықтардың жойылу, ұрлану немесе бүліну қаупі болса, олар қауіпсіз
аудандарға көшіріледі;
Тармақша 7
7) байланыс құралдарын қолдануға ерекше ереже енгізіледі.
Тармақ 2
2. Байзақ ауданы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдай жарияланғанда және оның күшінде болуы кезінде:
Тармақша 1
1) белгілі бір азаматтар үшін белгіленген мерзімге өздерінің үйлерінен,
пәтерлерінен кетуге;
Тармақша 2
2) жиналыс, бұқаралық жиын, демонстрация, ойын-сауық, спорттық
және басқа да көпшілік іс-шаралар өткізуге;
Тармақша 3
3) ереуіл өткізуге;
Тармақша 4
4) қару, спиртті ішімдіктер, күшті әсер ететін химиялық және басқа улы
заттар сатуға;
Тармақша 5
5) комендант сағаты кезінде азаматтардың көшеде, көпшілік жерде, өз
үйінен басқа жерде арнайы берілген рұқсат қағазсыз немесе төлқұжатсыз жүруіне;
Тармақша 6
6) көбейткіш техникаларын, теле-радио хабарларын таратуға, аудио
және бейне таспа аппаратураларын қолдануға тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Байзақ ауданы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдай жарияланғанда және оның күшінде болуы кезінде:
Тармақша 1
1) заң тәртібін бұзуға;
Тармақша 2
2) ұлттық және діни алауыздық туғызатын әрекеттер жасауға;
Тармақша 3
3) азаматтарға және лауазымды тұлғаларға заңды міндеттері мен
құқықтарын жүзеге асыруға белсенді түрде кедергі жасауға;
Тармақша 4
4) ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талабы мен өкімін
орындамауға және ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлеріне, үкімет
өкілдеріне және қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысушыларға бағынбауға;
Тармақша 5
5) азаматтардың тыныштығын және қоғамдық тәртіпті бұзуға
бағытталған әрекеттер жасауға қатаң тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Осы Ережені сақтамағандар Қазақстан Республикасының "Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 362, 363-баптарына сәйкес
жауапкершілікке тартылады.