О создании Комиссии по выдаче разрешений работодателям на привлечение иностранной рабочей силы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілерге рұқсат беру жөніндегі комиссия құру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 наурыздағы № 322 қаулысына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілерге рұқсат беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 2
2. Комиссияның жұмыс органы болып Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті белгіленсін.
Тармақ 3
3. Облыс әкімінің орынбасары Мұрат Қуанышбекұлы Тұрысбековке уәкілетті орган ретіндегі Маңғыстау облысы әкімиятының атынан шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілерге рұқсат беру және қол қоюға, сондай-ақ уәкілетті орган атынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 мамырдағы № 836 қаулысымен бекітілген, Шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібінде көзделген басқа да іс-қимылдарды орындауға құқық берілсін.
Тармақ 4
4. 2-қосымшаға сәйкес Комиссия туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалысын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Қ.Тұрысбековке жүктелсін.
Басқа 6
Маңғыстау облысы әкімиятының 2004 жылғы 26 наурыздағы № 89 қаулысына 1 қосымша Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ А.Б. Баужанова Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің директоры, Комиссия төрағасы Қ. Нұрғалиев Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті директорының орынбасары, Комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: Т. Қалжанұлы Көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының бастығы (келісім бойынша) А.М. Инкаров Маңғыстау облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің еңбек туралы заңнаманы сақтауды бақылау бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Л.О. Олжабаева Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары А.Е.Боранов Маңғыстау облысының ішкі істер департаментінің Көші-қон полиция басқармасының көші-қонды қадағалау бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Л.Г. Утепова Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімінің бастығы Б.Жылқыбаева Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің әлеуметтік-еңбек қатынастары, әріптестік және еңбекті нормалау бөлімінің бастығы В.К. Елемесова Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлімінің бастығы Д.С.Шүкірбаева Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің бас маманы Комиссия хатшысы: Б.А. Көшімова Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлімінің бас маманы КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік Қорғау Вице-Министрі Б.З.Ашитов
Басқа 7
2-қосымша Маңғыстау облысы 2004 жылғы 26 наурыздағы № 89 қаулысымен Шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілерге рұқсат беру жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілерге рұқсат беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) мәртебесін, құрылуы мен жұмыс істеу тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Комиссияның жұмыс органы Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті болып табылады.
Тармақ 3
3. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасы Конституциясын , " Халықты жұмыспен қамту туралы", " Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы", " Халықтың көш-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын, "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығын , " Шетелдік жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға лицензия беру мәселелері жөніндегі тәртіптерді бекіту туралы" 1999 жылғы 25 маусымдағы № 862, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 наурыздағы № 322 қаулысымен енгізілген өзгерістерүмен бірге "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің нұсқаулық хаттарын және Қазақстан Республикасының қолданыстағы басқа да нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Комиссияны қалыптастыру мен мәжілісін өткізудің тәртібі
2. Комиссияны қалыптастыру мен мәжілісін өткізудің тәртібі
Тармақ 4
4. Комиссия құрамына Маңғыстау облысы бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің, Маңғыстау облысының ішкі істер департаментінің Көші-қон полиция басқармасының және Көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының өкілдері кіреді.
Тармақ 5
5. Комиссия мәжілісін Комиссия төрағасы, ал ол орнында болмағанда төрағаның орынбасары өткізеді.
Тармақ 6
6. Комиссия мәжілісі қажетіне қарай жүйелі түрде және тартылатын шетелдік жұмыс күшіне рұқсатқа, рұқсат мерзімін ұзартуға, тізімдерін растауға немесе қайта растауға өтініштердің жинақталуына қарай өткізіледі. Комиссия хатшысы төрағамен (төраға орынбасарымен) келісім бойынша оларды күн тәртібімен алдын ала таныстыра отырып, комиссия мәжілісінің өтетін күні мен уақыты туралы комиссия мүшелеріне хабарлайды.
Тармақ 7
7. Комиссия шешімді ашық дауыс беру жолымен қабылдайды. Комиссия мәжілісі, оның мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысып отырса заңды өкілетті болып табылады.
Тармақ 8
8. Комиссия шешімүхаттамамен ресімделеді, оны Комиссия хатшысы жүргізеді. Хаттамаға, мәжіліс өткеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей Комиссия мүшелері қол қояды. Комиссия мүшелерінің айрықша пікірге құқығы бар, оны білдірген жағдайда ол жазбаша түрде жазылуға және хаттамаға қоса берілуге тиіс.
Тармақ 9
9. Комиссия мәжілісіне қажет болған жағдайда жұмыс берушілердің бірінші басшылары немесе өкілдері шақырылады.
Тарау 3. 3. Комиссияның негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
3. Комиссияның негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
Тармақ 10
10. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру туралы және рұқсат мерзімін ұзарту туралы, тартылатын шетелдік жұмыс күшінің тізімдерін растау немесе қайта растау туралы өтініштерін қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау;
Тармақша 2
2) біліктілігі төмен шетелдік жұмыс күшінің әкелуіне жол бермеу мақсатымен, бекітілген еңбек рыногының жай-күйін алдын ала зерделеу;
Тармақша 3
3) рұқсатты тоқтата тұру немесе қайтарып алу үшін Комиссияның жұмыс органы табыс еткен материалдарды қарау.
Тармақ 11
11. Жұмыс берушілерден келіп түскен өтініштер бойынша рұқсат беру және оның мерзімін ұзарту туралы әділ шешім шығару үшін Комиссияның мынадай құқығы бар:
Тармақша 1
1) жұмыс берушілерден ұйымның қызметі туралы, шетелдік жұмыс күшін тартудың орындылығын анықтау үшін қажетті қазақстандық азаматтар үшін қосымша жұмыс орындарын құрудың, тартылатын шетелдік жұмыс күшін кейіннен алмастыру үшін қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың келешегі туралы, тартылатын шетелдік жұмыс күштері туралы алдын ала мәліметтер мен басқа да қосымша мәліметтері туралы ақпарат сұратуға;
Тармақша 2
2) ішкі еңбек рыногын қорғау мақсатында жекелеген қызметтер бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күштерінің санын шектеуге.
Тарау 4. 4. Комиссия жұмыс органының функциялары
4. Комиссия жұмыс органының функциялары
Тармақ 12
12. Комиссияның жұмыс органы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) жұмыс берушілердің алдағы жылға квота жобасына ұсыныстарын жинайды;
Тармақша 2
2) шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша алдағы жылға арналған квота жобасына ұсыныстарды қарау және өз ұсынысын жеке дара қорғайтын жұмыс берушілерді (шетелдік мамандардың мейлінше көп санын тартатын облыстағы неғұрлым ірі инвесторларды) тыңдау және жобаланған квота саны бойынша шешім қабылдау;
Тармақша 3
3) жұмыс берушілердің рұқсат беру туралы, рұқсат мерзімін ұзарту туралы, тартылатын шетелдік жұмыс күштерінің тізімдерін растау немесе қайта растау туралы табыс еткен өтініштерін қабылдайды және оларды Комиссия қарауына дайындайды;
Тармақша 4
4) Комиссия мәжілісінің қарау нәтижелері бойынша рұқсат беру үшін, рұқсат мерзімін ұзарту үшін, тартылатын шетелдік жұмыс күшінің тізімдерін растау немесе қайта растау үшін уәкілетті органға материалдар дайындайды;
Тармақша 5
5) рұқсат бермеген және тартылатын шетелдік жұмыс күшінің тізімін растамаған жағдайда жұмыс берушілерге дәлелді бас тартылуын жазбаша түрде дайындайды;
Тармақша 6
6) ресімделген рұқсатты және тартылатын шетелдік жұмыс күшінің расталған тізімін береді; жұмыс органының жұмыс берушінің өкіліне ресімделген рұқсат пен тартылатын шетелдік жұмыс күшінің тізімдерінің расталуын беру заңнамамен белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхат негізінде жүзеге асырылады;
Тармақша 7
7) рұқсат берілгендігі немесе берілмегендігі жөнінде шешім қабылданғандығы туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін және жұмыс берушініүхабардар ету үшін хат дайындайды;
Тармақша 8
8) мынадай нысандарды бекітеді:
Тармақша а
а) жекелеген кәсіби мамандықтар мен біліктілік бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны, санаты көрсетілген мемлекеттік және орыс тілдеріндегі рұқсатты беруге өтінішті;
Тармақша ә
ә) рұқсат мерзімін ұзарту туралы өтінішті;
Тармақша б
б) растау үшін және рұқсат мерзімін ұзарту үшін тартылатын шетелдік жұмыс күшінің тізімдерін;
Тармақша в
в) тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы мәліметтер;
Тармақша г
г) кепілдікті және кепіл жарнаның сомасы туралы есептемені.
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген нысандар бойынша жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тарту, жұмыс берушінің ерекше шарттарды орындау жөніндегі есептерін жинауды жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібінің 35-38 тармақтарына сәйкес рұқсатты тоқтата тұруға немесе қайтарып алуға арналған материалдарды Комиссияның қарауына енгізеді;
Тармақша 11
11) шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері бойынша жұмыс берушілерге әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
Тармақша 12
12) уәкілетті органның шешімдері негізінде "Лицензиялау және шетелдік жұмыс күшінің мониторингі" базасын қалыптастырады және оның деректемелерін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жібереді;
Тармақша 13
13) облыс әкімиятының мәжілісінде тыңдау үшін Маңғыстау облысына шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері бойынша ақпарат дайындайды;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының қолданудағы заңнамаларына қайшы келмейтін басқа да функциялары.