Об установлении квоты на ввоз Республики Казахстан цемента Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасына цемент әкелуге квота белгілеу туралы
Отандық цемент өндірушілерді қорғау мақсатында және Қазақстан Республикасының аумағына цемент әкелуді шектейтін шаралар қолдану үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағына Қырғыз Республикасынан әкелінетін цементтің импортына 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 наурызына дейін 20 мың тоннадан артық емес квота белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялаудың тәртібі туралы ережеге сәйкес импорттаушылардың өтініштері негізінде, белгіленген квотаның көлемінде цементтің импортына лицензия беруді жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген
тәртіппен осы қаулының 1-тармағына сәйкес уақытша шектеулер енгізілгені
туралы Қырғыз Республикасының Үкіметіне хабарласын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетіне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.